Әскери кафедраның студенттері үшін әскери саладағы жаңалықтар

Әскери кафедраның тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың аясында студенттер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің YouTube-каналында жаңалықтар мен деректі фильмдерді тамашалады.

Әскери кафедраның тәрбиелік және әскери-патриоттық жұмыстардың аясында студенттер Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің YouTube-каналында жаңалықтар мен деректі фильмдерді тамашалады. Бейнероликті қарау кезінде әскери кафедрада оқып жатқан студенттер әскери саладағы жаңалықтармен және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қызметімен танысты. Айта кету керек, көптеген студенттер әскери мамандықтарға үлкен қызығушылық танытады және көпшілігі кәсіби әскери қызметте істеп, өз өмірлерін Отанға қызмет етуге арнағысы келеді.

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ әскери кафедрасында дайындық төрт әскери мамандық бойынша запастағы офицерлер бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Әскери кафедрада оқытудың маңызды ерекшелігі – ұлдар ғана емес қыздар да әскери-тіркеу мамандықтары бойынша оқытуға қабылданады.

Печать