Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы

22 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл іс-шараны халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенттерімен кәсіби ағылшын тілі кафедрасы ұйымдастырды.

Іс – шараның негізгі мақсаты-жастарды қазақ ақынының әдеби мұрасына баулу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, дарынды жастарды анықтау және олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруда қолдау көрсету. Іс-шара барысында студенттер ақынның ең үздік өлеңдерін, қара сөздерін оқып, оның әндерін орындады. Концерттік бағдарлама көрермендеріне ақынның шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды. Кәсіби шет тілі кафедрасының Меңгерушісі Перизат Елубаева ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетовтің челлендж #Abai175-ке қолдау көрсетіп, эстафетаны университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне жолдады. Соңында Kahoot қосымшасын қолдану арқылы интерактивті викторина өткізілді. Бұл Ұлы Абайдың шығармашылығын еске түсірудің тамаша мүмкіндігі болды. Ең белсенді қатысушыларға университет ректоры – академик Салима Сағиқызы Құнанбаеваның атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

175 Abai

Печать