TED talks Friday

Педагогикалық факультетінің 2 курс студенттері арасында TED talks Friday өтті. Іс-шара студенттерді ағылшын тілінде еркін сөйлеуге, өз идеяларын қысқа да жалынды сөз түрінде жеткізуге итермелеуге бағытталған. Олардың сөз сөйлеуінің негізгі тақырыптары 4 бөлімді қамтыды: экологиялық саналы болу, ұзақ өмір сүрудің кілті: салауатты өмір салты, оқудағы мотивацияны арттыру жолдары, оқудағы қиындықтар.

ted 0

Іс шараға барлығы 18 қатысушы қатысты. Іс-шара "артық салмақты жеңу және өзіңді қабылдау" тақырыбында 205-ші топтан Томирис Бигазаның жеке тәжірибесінен алынған ашық сөзімен ашылды. Студенттер салауатты өмір салтының, мотивацияның, өзіне деген сенімділік пен өзіндік сананың құпияларвмен бөлісті. 204-ші топтың "Жұлдыз" Алматыдағы қоршаған ортаның ластану проблемасын ашып, студенттерден өзімізді қоршаған қала мен табиғатқа қамқорлық жасауды сұрады. Секциялар арасында факультеттің талантты студенттері әдемі ән айтып, би биледі. Нәтижесінде оқытушылар іс-шараны аяқтап, қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар табыс етті. Факультет студенттері арқалаған жағымды көңіл-күй мен оптимизм көк залда отырған студенттерге берілді.

Сайдазова Г.Е. п.ғ.м., Шет тілдерінің педагогикалық факультетінің оқытушысы.

 

ted 1

ted 2

Печать