Біздің студенттеріміз үшін тағы бір жеңіс

29 қараша күні Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінде Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай "Ақ қауырсын" әдебиет жанашырлары клубының ұйымдастыруымен өткен "Тұнық жырдың тұмары" атты қалалық әдеби-сазды байқаудың "Жырың қалды жанымның ұшқынындай" және "Жыр жазамын жүрекпен" номинациялары бойынша Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің журналистика мамандығының 2 курс студенттері Жексенова Жанар және Ізбасарова Диана Бас жүлде алып қайтты.

ҚызПу ұйымдастырған бұл байқауға қатысушылар алғашқы турда әлеуметтік желілер арқылы өз жұмысын ұсынып, іріктеу кезеңге таңдалынып алынды. Ақтық сайыс ҚызПудың өзінде өтіп, мыңнан үздіктер анықталып оларға арнайы марапаттар табысталды.
Біздің студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!

WhatsApp Image 2019 12 04 at 12.42.56

Печать