ҚМУ студенттерінің келуі

21.11.2019г. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ мен И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мақсатында кездесу, үстіміздегі жылдың 21 қарашасында өтті.

Қырғызстандық студенттермен ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор, профессор Успанова М.У., жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, профессор Байсултанова К.Ш., халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Шаймарданова З.Ж., сондай-ақ магистратураның білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында студенттер магистратураның білім беру бағдарламаларының презентацияларымен танысып, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.М. Джусубаливаның «Білім берудегі сандық технологиялар» тақырыбында дәрісін тыңдады.

И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің студенттері біздің университетпен және студенттермен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды, оларға арнайы университетке экскурсия және ҚазХҚжәнеӘТУ мұражайына саяхат ұйымдастырды.

 

IMG 7639 11

Печать