«Сыни ойлау: маңызы мен пайдасы»

2019 жылдың 6 желтоқсанда Шығыстану кафедрасының аға оқытушысы Жунусова А.К. «Сыни ойлау: маңызы мен пайдасы» атты мастеркласс өткізді. Елбасымыздың «Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда» деген жолдауына негізделген, сыни ойлаудың негізгі дағдылары мен олардың құраушылары, сыни ойлаудың студенттер үшін маңызы туралы талқыланды. Студенттердің сыни ойлау дағдыларын дамыту үшін РАФТ, ББҮ стратегиялары мен Кластер, Синквейн, INSERT, Идеялар себеті, фишбоун, метасызба әдістерін сабақта калай қолдану керектігі көрсетілді. Осы әдістермен факультет оқытушылары жаттығулар жасап, белсенділік танытты.

Печать