Желтоқсан айының басында ЦСКА спорттық-жаттығу кешенінде ММА (JKD) Азия чемпионаты өтті. Бұл турнирге Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің Экономика және құқық факультетінің 3 курс студенті САРСЕБЕК Айтон, өзінің салмақ дәрежесінде MMA (JKD) Халықаралық Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Айтонның осы нәтижеге жеткеніне өз үлесін қосқан дене шынықтыру маманы ЖАПАКОВ Мейрамбекті атап өткен жөн.
Сондай-ақ, чемпионымыздың маңызды спорт жетістіктері қорабында:
MMA (WEF) -2017 жастар арасындағы Азия чемпионы;
Жекпе-жек - 2017 Азия чемпионатының қола жүлдегері;
Жауынгерлік самбо бойынша Қазақстан чемпионы 2016;
Жауынгерлік самбо бойынша 2017 жылғы Қазақстан кубогының чемпионы;
Панкратионнан Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері 2016, 2018 ж
Ересектер арасындағы ММА (аралас жекпе-жек) халықаралық турнирінің жеңімпазы, Қырғызстан, Ыстық-көл 2017;
MMA JKD-4 кәсіби турнирінің жеңімпазы;
Спорттық джиу-джитсу бойынша ADS Combat 2016 Қазақстан кубогының күміс жүлдегері;
Грэпплинг-2017 халықаралық турнирінің чемпионы
Айтонның спорттық дәрежелері:
* Жекпе-жек бойынша CCM;
* Жауынгерлік самбо бойынша CCM;
* Джиу-джитсу CCM.