ХҚФ студенттері "Үздік студент - 2019" халықаралық байқауының жеңімпаздары»

2019 жылдың 6-желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына жолдауын Жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «21 ғасыр көшбасшысы» атты халықаралық үздік студенттер байқауының жеңімпаздары халықаралық қатынастар факультетінің студенттері Әкімбек Ділшат, Жандеш Ақнұр, Сағындық Гүлжазира,  Ағыбаев Рахымжан және Ким Тимур марапатталды.

«Бөбек Жалпыұлттық қозғалысының» және «Білім өркениетінің» ұйымдастыруымен республикамыздың барлық аймағын қамтыған «Үздік студент - 2019» жобасының «Жас қыран» Республикалық талантты жастардың ІІІ кітап жинағына аталмыш ХҚФ студенттері енгізіліп, төс алқа, І және ІІ дәрежелі дипломадар, оларды растайтын куәліктермен марапатталды.

Печать