Крим-Экс-2019

2019 жылдың 06 желтоқсан айында «5В030100- Құқықтану» мамандығының 3-4 курс студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастырылуымен өткізілген жыл сайынғы ЖОО аралық «Крим-Экс-2019»  құқықтық олимпиадасына   белсенді қатысты.

«Тергеу құпиялары» тобының қатысушы студенттері  Сабырова Карина – топ басшысы, Жетпісбай Аққу, Жеңісбек Айбек және Жансұлтанова Мадина.Топтың ғылыми жетекшісі: халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Сыздықова Айгүл Алтаевна.

Олимпиада 3 кезеңнен өткізілді: 1.Топтардың өзін–өзі таныстыруы; 2. Сұрақ-жауап;3. Дактиласкопиялық сараптама жүргізу. Студенттер берілген тапсырмаларды орындау барысында жақсы іскерліктер мен дағдыларды көрсетті.

Нәтижесінде "Тергеу құпиялары" командасы сегіз команда арасында лайықты үшінші орынға ие болды.

Печать