Халықаралық қатынастар Ғаламдық көші-қон кинофестивалінде

13 және 18 желтоқсан 2019 жылғы ХҚФ студенттері мен оқытушы Исалиева А. М. Біріккен Ұлттар Ұйымы тұсындағы Халықаралық көші-қон ұйымының шақыруы бойынша алғаш рет Алматы қаласында өткен Ғаламдық көші-қон фестиваліне қатысты.

Онда қиын өмірлік жағдайларға ұшыраған көшіп-қонушылардың тағдыры туралы екі фильм көрсетілді. Осы іс-шараның арқасында студенттер көші-қонның қазіргі кездегі ең ауқымды құбылыстардың бірі екенін сезініп, кеңінен талқылауға ат салысты.

Сонымен қатар, студенттер халықаралық көші-қон мәселелері бойынша көптеген сарапшы-практиктермен танысып, халықаралық қатынастар бойынша болашақ мамандар ретінде проблемалық мәселелерді зерттеуге және одан әрі оларды шешуге ықпал ету ниеттерін танытты.

Печать