«Көптілді Қазақстандағы орыс тілі және дидактика мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді

2020 жылдың 10 қаңтарында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы «Көптілді Қазақстандағы орыс тілі және дидактика мәселелері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында филология ғылымдарының докторы, профессор С.Ж.Баяндина - «Қазақстандағы тіл саясаты»; педагогика ғылымдарының докторы, доцент М.С. Юнусова- «Ұйғыр мектебінде орыс тілін оқытудың жағдайы»; филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Х. Исмагулова – «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында орыс тіліндегі оқулықтарды даярлау тенденциялары» туралы мәселелер көтерілді.

Дөңгелек үстелге Ы. Алтынсарин атындағы ҰБО, Педагогикалық ғылымдар академиясы, Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, сонымен қатар орыс тілі оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Печать