БАРЛЫҚ УАҚЫТТА ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің шетел тілдері педагогикалық факультеті педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен 27.02.2020ж., сағ. 10:00 Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұстаздық еткен жалықпас ...» атты психологиялық-педагогикалық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы аясында болашақ мұғалімдердің кәсіби тұлғалық шығармашылық әлеуетін ашуға және өзін-өзі жетілдіруге жағдайлар туғызу.

Олимпиадаға 6 команда («Өнерпаз», «Жарық Ай», «Толық адам», «Дара», «Абай мұрасы», «Знание») қатысты. 1 орынды – «Жарық Ай» (жетекшісі Сарканбаева Г.К.), 2 орынды – «Толық адам» (жетекшісі Жалғасова Ш.А.); 3 орынды – «Дара» (жетекшісі Жансугурова К.Т.) және «Знание» (жетекшісі Тилеубаева М.С.) топтары алды.

Печать