2020 жылдың 25-26 ақпан күндері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нде Республикалық пәндік олимпиаданың 2-кезеңі өтті

2020 жылдың 25-26 ақпан аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ базасында «Шетел тілдері» мамандық топтары – (5B011900 - Шет тілі: екі шет тілі, 5В021000 - Шетел филологиясы, 5В020700 – Аударма ісі), бойынша Республикалық студенттік олимпиада өткізілді.

 

"Шетел тілдері (шығыс бағыты)" мамандықтар тобы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындарынан 155 студент қатысты: Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ,  КазҰҚПУ, СДУ, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ТарМПУ, Уәлиханов атындағы КМУ, Әуезов атындағы ОҚМУ, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, "Нұр-Мүбарак" Египет ислам мәдениеті университеті, Шет тілдер және іскерлік мансап университеті, Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университеті. Байқауға қатысқан барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушылар олимпиаданы ұйымдастырушыларға үлкен алғыстарын білдірді. Біздің студенттер мен оқытушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Печать