Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналады

Үстіміздегі жылдың 12 наурызы күні Хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай университетіміздің Қазақ филологиясы кафедрасының оқытушылары. Ш.А.Нұрмышева  З.А.Абдуллина, С.С.Айтжанова, Ә.М.Кәкеновалардың ұйымдастыруымен Аударма және шетел филологиясы факультетінің 1-курс орыс бөлімі студенттерінің арасында   «Абай - Гималай» атты өзара сайыс болып өтті.

Сайысқа қатысушы «Көзімнің қарасы», «Болашақ», «Құлагер», «Алға!» топтарының студенттері Хакім Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа оқып, ақын шығармашылығы мен өміріне арналған әртүрлі сөзжұмбақтар мен ребустар шешіп, жарысқа түсті. Студенттер сонымен бірге ақын өміріне арналған презентациялар жасап, қабырға газеттері арасында «Кім жүйрік?» аталымында сайысқа түсті, Абай әндерінен ән шырқады.

Сайыс соңында ең үздік өнер көрсеткен студенттер В Мартынова , М. Ершов, И.Бобина,  М.Берікұлы,  Д. Игісін, А.Серикова, Р.Сейдалимова, А.Төлуғазинова, А.Көбей, Е.Сон,  А.Турсунов  мараптталып, сыйлықтар ұсынылды.

Печать