«Жаһандық процестер және қазіргі әлемнің геосаяси құрылымының жаһандық дағдарыс жағдайындағы өзгеруі» онлайн-дөңгелек үстелі

2020 жылдың 30 сәуірінде сағат 14.00-де ғаламдық әлемнің және ауқымды дағдарыстың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің ҒЗЖӘИ  2020-2022 жж. Жоспар-Бағдарламасының қызметінің жүзеге асыру мақсатында №1 жаһандық әлемдік үрдістер мен қазіргі  әлемнің геосаяси құрылымдары ҒЗЖЖ шеңберіндегі   «Ғаламдық процестер және қазіргі әлемнің геосаяси құрылымының жаһандық дағдарыс жағдайындағы трансформациясы» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті.

Онлайн дөңгелек үстелдің мақсаты - жаһандық әлемдік дағдарыстың себептері мен әлемдік экономиканың құлдырауы, халықаралық тәртіпті қалпына келтіру мәселелері, дағдарыстың пандемия жағдайындағы Қазақстанға әсері және т.б.

Ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректор э. ғ. д., профессор М. У. Успанова құттықтау сөз сөйледі. Ол ғылыми кездесу тақырыбының өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға шын жүректен алғысын білдірді. Онлайн дөңгелек үстелдің модераторы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Э. М. Қағазбаева болды.

«Геосаяси процестердің жаңа шындығы: мүмкін сценарийлер» тақырыбында халықаралық қатынастар факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Д. Шаймарданова баяндама жасады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің деканы, профессор Қ. Ш. Байсұлтанова "Жаңа әлемдік дағдарыс: себептері мен салдары"атты баяндама жасады. Философия ғылымдарының докторы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының профессоры С. Б. Бөлекбаев өз сөзінде қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстіндегі қоғамдық ғылымның әдіснамалық дағдарысы мәселелерін қозғады.

Жаһандық әлемдік саясат пен экономиканың өзекті мәселелерін талқылауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жетекші профессорлары, PhD докторлары, докторанттары, магистранттары мен студенттері белсенді қатысты. Іс-шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел материалдарының жинағы жарияланады.

Печать