Қос диплом бағдарламасы бойынша 4 курс студенттерін мемлекеттік қорытынды аттестациясына қатысу ушін Ухань университетінің делегациясының іс-сапары

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаларлық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінде Ухань университетінен шақыртылған профессорлар мемлекеттік комиссия мүшелері ретінде «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық» және «Экономика» мамандықтары бойынша қос диплом бакалавриат бағдарламасының студенттерін мемлекеттік аттестациядан өткізді. Студенттер өз дипломдық жобалар қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдерінде қорғады.

Сонымен қатар Абылай хан атындағы Қазақ Халықаларлық Қатынастар және Әлем Тілдері университетінің ректоры мен Ухань университетінің өкілдері арасындағы талқылау барысында кос диплом бағдарламасына қатысты әр түрлі мәселелер бойынша пікір алмасты және болашақта университеттер арасындағы нәтижелі ынтымастыққа үлкен үміт арттырды.

Печать