«Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты декриминализациялау мәселесі бойынша» ғылыми семинар ұйымдастырылды

Қарашаның 17 жұлдызында Халықаралық құқық кафедрасының ұйымдастырылуымен «Қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты декриминализациялау мәселесі бойынша» ғылыми семинар ұйымдастырылып, өтті. Семинардың негізгі баяндамашысы заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ахметов Болат Исаевич.

Семинардың негізгі мақсаты кафедраның ғылыми және ғылыми-теориялық және кафедра оқытушы   қызметкерлерінің ғылыми әлеуетін дамыту мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын насихаттау, қылмыстық құқықтың өзекті мәселелері бойынша өз шеберліктерін арттыру, кафедра оқытушылары мен магистранттарының ғылыми байланысын жандандыру, семинардың қорытындысы бойынша нақты ұсыныстарын ұсыну бағытталды.

Семинарға ат салысып, қатысушылар: экономика және құқық факультетінің деканы Құдайбергенов Н.А., оқу ісі  жөніндегі деканның орынбасары Акпарова А.А., маркетинг және менеджмент кафедрасының меңгерушісі Исабеков У.Б., халықаралық құқық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен  магистранттары қатысты.
Семинар барысында қатысушылардың пікірлері тыңдалып, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты декриминализациялау мәселесі бойынша ұсынымдар жасалды.

Печать