Біздің университетке Чонбук Ұлттық Университетінен делегация келді

2017 жылдың 22 ақпанында біздің университетке Чонбук Ұлттық Университетінен делегация келді. Делегация құрамына проф. Юн Менсук ханым - халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, проф. Ли Минхо мырза – стратегиялық даму жөніндегі проректор, Чо Гванхо мырза - халықаралық байланыстар бөлімінің бастығы кіреді.

Чонбук Ұлттық Университеті Джеонджу қаласында орналасқан. Ол Оңтүстік Кореядағы университеттер арасында ірі көп салалы университет болып саналады. Жыл сайын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің студенттер Чонбук Университетінде білім алуда.

Кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бойынша одан әрі даму талаптары, бірлескен ғылыми зерттеулер мен оқу бағдарламалары талқыланды.

Делегация мүшелері 24-25 ақпан аралығында кәріс тілі бойынша өткізілетін Орта Азия Олимпиада қазылар алқасының құрамына кіреді. Чонбук Университеті Олимпиада женімпаздарына сыйлық ретінде магистратураға екі грант ұсынады.

Печать