Университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған Қазақстандағы тіл мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік семинар

21 ақпан 2017 ж. №1 оқу ғимараты, №211 дәрісханада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 75 жылдық мерейтойына арналған Қазақстандағы тіл мәселесіне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар аясында ф.ғ.д., «Аймақтану» кафедрасының профессоры Қадыржанов Р.Қ. «Қазақстандағы үштұғырлығы тіл: мәселелері мен келешегі» тақырыбына баяндама жасады.

Өз сөзінде ол, әлеуметтанушылық және сараптамалық зерттеулер нәтижелеріне негізделіп, үштұғырлы тіл саясатын енгізу мен жүзеге асырылуының өткір мәселелерін қарастырды. Баяндама мазмұнына қатысушылар өз тарапынан зор қызығушылықтарын танытты. Олар: филол.ғ.д., профессор Рысалды Қ.Т., с.ғ.к., доцент Байсултанова К.Ш, т.ғ.к., доцент Жұматай Ғ.Б., с.ғ.д., доцент Жабина Ж.Р., ә.ғ.к., доцент Қалиева А.А., халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен білім алушылары. Талқылау барысында қатысушылар тілдік саясаттың негізгі қырларын қарастырып, ұсыныстарын білдіріп, ойларымен бөлісті.

Печать