«Мен ұстаз болғаныма мақтанамын» атты психологиялық-педагогикалық олимпиада

Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің 75-жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында университетіміздің педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен, осы мерейтойға арналып 23.02.2017 ж. дәстүрлі «Мен ұстаз болғаныма мақтанамын» атты психологиялық-педагогикалық олимпиада өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: болашақ мұғалімдердің кәсіби тұлғалық шығармашылық әлеуетін өздігінен жүзеге асыру және ашу үшін жағдайлар туғызу.

Психологиялық-педагогикалық олимпиада бірнеше конкурстан тұрды:

  1. Команда таныстырылымы
  2. Педагогикалық жағдаяттар
  3. Эрудит
  4. Фильмді рецензиялау

Олимпиада осы конкурстардың негізінде студенттердің педагогика мен психология бойынша білімдер мен біліктерді шығармашылықпен қолдануы негізінде жарыс түрінде жүргізілді.

Психологиялық-педагогикалық олимпиаданы педагогикалық факультеттің деканы фил.ғ.д., профессор А.Ислам салтанатты түрде ашты.

Олимпиадаға педагогикалық факультеттің «Шет тілі: Екі шет тілі» мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Олимпиада да 8 команда өнер көрсетті. Олар:

  1. «Болашақ» және «Тағылым тамшылары» топтары – жетекшісі п.ғ.к., профессор Жалғасова Ш.А.,
  2. «Ыбырай ізбасарлары» тобы – жетекшісі п.ғ.к., аға оқытушы Жансүгірова К.Т.,
  3. «Шамшырақ» тобы – жетекшісі пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Сарқанбаева Г.К.,
  4. «911 team» тобы - жетекшісі п.ғ.к., профессор Бейсембаева А.А.,
  5. «Юник» тобы – жетекшісі п.ғ.к., доцент Көшербаева Г.Н.,
  6. «Дети Каменского» тобы – жетекшісі п.ғ.к., доцент Айжанова Г.К.,
  7. «Писатели души» тобы – жетекшісі п.ғ.к., доцент Кусайнова М.А.

Психологиялық-педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша «Ыбырай ізбасарлары» командасы І-орын, место занимали команды «Болашақ» және «Юник» командалары ІІ-орын, «Шамшырақ», «911 team»  и «Дети Коменского» командалары ІІІ-орындарға ие болды.

 Пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Сарқанбаева Г.К.,

Пед.ғыл.магистрі, аға оқытушы Абилова З.Т.

Печать