“Стратегия -2050: Мәңгілік ел – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ“ ғылыми жобалар байқауы

2017 жылдың 15 наурыз күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Экономика және құқық факультеті мен Халықаралық қатынастар факультетінің 3 курс студенттері арасында «100 нақты қадам» ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында «Стратегия -2050: Мәңгілік ел – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  ғылыми жобалар байқауы өтті.

Кәсіби академиялық шет тілдері кафедрасының профессорлары мен оқытушыларының ұыймдастырумен өткізілген байқаудың мақсаты – студенттер бойында азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру және жас ұрпақ бойында жоғары патриоттық сезім ұялату арқылы патриот жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Бұл шара Университетіміздің құрылғанына 75-жылдық мерейтойын атап өту және келе жатқан көктем мерекесі – Наурызды тойлауға бағытталды.

Аталған іс-шараға халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Жабина Ж.Р., әлеуметтік ғылымдар кандидаты Әйтімбет Л.І. қатысты.

ПечатьE-mail

универсиада замена