Магистратура

Магистратура
иностр язык два иностр языка    иностр филология перевод дело рефернт синхронист    педагогика и психология регионовед    международ отношения туризм    журналистика культурология    востоковед госудраст_и_местн_управление_каз    маркетинг международн_право_каз    экономика

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша шеттілдік білім беретін мамандарды даярлайтын ірі ғылыми білім беру кешені.

ҚазақХҚжӘТУ магистратурасы –  ҚР жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелері үшін ғылыми-педагогикалық мамандар дайындайтын таңдаулы оқу орны.

Магистратура бағдарламасының мақсаты – отандық, сондай-ақ әлемдік еңбек нарығында бәсекелестікке түсе алатын, шығармашылық ойлауға қабілетті шеттілдік білімі бар жаңа буын мамандарын даярлау.

Ғылым магистрі – таңдаған мамандығына сәйкес білікті білім беруге және ғылыми жұмыспен айналысуға қабілетті жоғары білімді маман, жоғары мектеп зерттеушісі.

Магистратурада мамандарды дайындау екі бағытта жүргізіледі:

  • Бейімдік (1 жыл)
    • Бейімдік магистратура терең кәсіби білімі бар, жоғары оқу орнынан кейінгі мамандар даярлайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
  • Ғылыми-педагогикалық (2 жыл).
    • Ғылыми-педагогикалық магистратура терең ғылыми-педагогикалық дайындығы бар, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі мен ғылыми-зерттеушілік секторы үшін мамандар дайындайтын білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар:
  • Мекеме басшысының атына өтініш
  • Сауалнама
  • нотариалды куәландырылған жоғары білімі туралы құжаттардың көшірмелері, бағдарлама бойынша сынақтан өткендігі туралы куәлік (бар болған жағдайда)
  • Тест тапсырғандығы туралы сертификат (бар болған жағдайда)
  • Кадрларды есепке алу парағы және нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі (еңбек стажы бар адамдарға)
  • 3*4 см. Алты фотосурет
  • 086-У медициналық анықтамасы
  • Жеке куәлік (түпнұсқа және 3 көшірмесі) және шетелдіктерге – визаның мерзімі
  • Характеристика-рекомендация с места работы или учебы
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі (бар болған жағдайда)
 

Печать E-mail

универсиада замена