Туризм

Таңдау бағыты бойынша 1 шет тілін білетін маман дайындау: 

  • Қонақ үй бизнесінің менеджменті;
  • Туристтік кәсіпорынның менеджменті.

Қосымша таңдау бойынша: 

  • Туристік сервис пен бос уақытты ұйымдастырушы;
  • Туризмдегі қаржы менеджер.

Туризм бакалаврының негізгі міндеттері болып табылады:  

  • Туристік бизнестің әртүрлі сферасындағы туристік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру мен оған жетекшілік жасау;
  • Туристік құрылым жұмысын жоспарлау мен болжау;
  • Ішкі және сыртқы нарықтағы жаңа идея мен туристік қызметті жоспарлауға байланысты маркетингтік зерттеулер.

Сіз маманданатын боласыз: 

  • Туристік өнімді жылжыту жөніндегі жарнамалық ұйымның ұйымдастырушысы;
  • Нарықтағы туристік қызмет жайына ғылыми зерттеуді жүргізуші;
  • Табиғи климатты, географиялық және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып Қазақстан аймағындағы туризмнің даму болашағын зерттеуші;
  • Қазақстан туристік аймағының жайына, оның туристік бизнестегі маңызына баға беруші.

Сіз оқу және өндірістік практиканы өткізетін боласыз:

  • ҚР туристік компанияларында, қонақ үй мен мейрамханаларында
  • Шет елдік практиканы Түркия, Греция, Қытай, БАӘ-нің отельдері мен туристік фирмаларында. 

Сіз жұмыс жасай аласыз:

  • басқару қызметіне бағытталған туризм менеджері болып (туристік кәсіпорындар басқармасында, қонақ үй шаруасында, тамақтану кәсіпорнында, әуекомпаниясында);
  • Гид-экскурсовод болып;
  • Туризм инструкторы болып;
  • Туристік профиль пәндерінің оқытушысы болып;
  • Жас балалар туризмінің жетекшісі болып;
  • Туризмді дамыту департаментінде;
  • Ойын-сауық ортасында;
  • Әуе компанияларында;
  • Санаторий-курорт ұйымдарында;
  • Қоғамдық тамақтану, сауда, т.б.

Халықаралық білім (4жылда 2 диплом):

  • Далян университеті (Қытай), Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ (Қазақстан)
  • Ақпараттық жүйедегі менеджмент Институты (Рига, Латвия), Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ (Қазақстан)

Оқу шарты:

  • Қазақстанда 2 жыл+1.5 жыл Қытайда+0.5 жыл Қазақстанда
  • 1,5 жыл Қазақстанда +2 жыл Латвияда+0.5 жыл Қазақстанда
  • Сіздер аптасына 12 сағат көлемінде шет тілін оқуға үлкен мүмкіндікке ие боласыздар.
  • Басқа ешбір жоғарғы оқу орнында ҚазХҚ және ӘТУ-дей шет тілін оқытпайды.

Есте сақта: бейіндік пәндер – География + Шет тілі

Печать E-mail

универсиада замена