Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті

 Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті университет бойынша магистратура және докторантураның білім беру қызметін ұйымдастырушы болып табылады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті оқу ісі жөніндегі проректор мен ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың тікелей басшылығы негізінде университеттің Ғылыми кеңес, оқу-әдістемелік кеңес, оқу факультеті, факультеттер, кафедралар, әдістемелік бірлестіктер, кеңестер, басқа да құрылымдық бөлімшелермен тығыз жұмыс жүргізеді. Факультетті  бақылау және бағыт беру жұмысын университеттің оқу ісі жөніндегі проректоры мен ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры іске асырады. Факультеттің басшылық жұмысын университет ректоры бекіткен декан жүргізеді. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті өз жұмысын ҚР БҒМ бұйрықтары мен нормативті құжаттарына, магистратура және докторантура мамандықтары бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, Типтік және оқу бағдарламалары мен жоспарларына, білім беру үрдісіне қатысты нормативті құжаттарға, ҚазХҚжӘТУ Жарғыларына, университет бұйрықтары мен өкімдеріне, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеті  Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультетінің мақсаты:

  • - сұранысқа ие бағдарламалары мен оқытудың инновациялық технологиясы бар дипломнан кейінгі  тиімді білім беруді қамтамасыз ету;
  • - халықаралық үрдістерге шоғырлану – халықаралық стандарттар мен талаптардың ұлттық білім беру жүйесіне бірігуі;
  • - сәйкес мамандықтар бойынша мамандарды сапалы даярлау мақсатында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің екі деңгейлі қызметін ұйымдастыру.
Факультет мамандықтары:

Магистратура

иностр язык два иностр языка  иностр филология  перевод дело рефернт синхронист педагогика и психология  регионовед  международ отношения туризм  журналистика  культурология востоковед  госудраст_и_местн_управление_каз  маркетинг международн_право_каз  экономика

Докторантура

иностр филология  иностр язык два иностр языка   первод дело  международные отношения

Факультеттің негізгі атқаратын қызметі:

- білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарына сәйкес білім беру басымдықтарын анықтау;

  • Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша нормативтік-жоспарлық және ғылыми-әдістемелік құжаттардың (оқу-жұмыс жоспарлары, жеке жұмыс жоспарлары, оқу бағдарламалары, силлабустар және т.б.) әзірленуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету; академиялық ұтқырлық бойынша университеттің профессор-оқытушылар құрамына, магистранттар мен докторанттарына қолайлы жағдай жасау;  
  • ғылыми-зерттеу жұмысын (кітапханалық, әдістемелік, бағдарламалық-ақпараттық) ұйымдастыруға арналған қор базасының жағдайына және түлектердің алған білім деңгейі мен академиялық дәрежесінің бағалануына мониторинг жасау;
  • білім алушылардың аттестациялануының барлық түрлері талаптарының орындалуын жүзеге асыру;
  • зерттеу жетекшілері мен білім алушылар арасында тығыз қарым-қатынас орнату;
  • мамандар даярлаудағы білім беру және ғылыми үрдісті іске асыруға жетекші кафедралар жұмысын бағыттау;
  • тиісті оқу-өндірістік және ғылыми құжаттарды жүргізу.

Факультет құрамында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасы кіреді.

-Факультет деканы – Байсултанова Кулипа Шарипкановна, саяси ғылымдарының кандидаты, профессор;

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасысының меңгерушісі- Успанова Майра Уалиевна- экономика ғылымдарының докторы, профессор

- Факультеттің жетекші маманы – Таурбекова Лаура Куанышбековна

 

Печать E-mail

универсиада замена