Шет тілі: екі шетел тілі

Магистратура - Шетел тілі: екі шетел тілі

Магистратураның 6М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламалары ҚР БҒМ білім беру қызметін атқаруға құқылы МЖМБС-ның нормативті ережелеріне сәйкес мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

Мамандықтың мақсаты - смагистранттарға шеттілдік білім беру аясында жоғары оқу орнынан кейін білім алуға және жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға қолайлы жағдай жасау. 6М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша оқу бағдарламасы ҚР МЖМББС сәйкес әзірленді. Білім беру бағдарламасы бойынша даярлық Жалпы білім беру элективті бағдарламаларына (ЖББЭБ) және қосымша элективті бағдарламалар (ҚЭБ) негізінде жүзеге асады.

ЖББЭБ "Шеттілдік педагогикалық білім берудің жаңартылған парадигмасы"

Бағдарламаның мақсаты - шеттілдік білім беру мен 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жаңартылған парадигмасы талаптарына сәйкес жоғары білікті ЖОО оқытушыларын, әдіскер-зерттеушілерді даярлау.

Бағдарламаның мақсаты - Бағдарламаның мақсаты: шеттілдік білім берудің танымдық лингвомәдени әдіснамасы тұрғысынан инновациялық технологияларды меңгерген жоғары білікті әдіскерлер, зерттеушілер, университет оқытушыларын дайындау.

Магистранттың негізгі міндеттері:

  • жаңа әдістемелік міндеттерді шешуде ғылыми-әдістемелік тәсілдерді талдау;
  • шеттілдік білім беру әдістемесінің өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-ізденушілік, аналитикалық-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • шеттілдік білім беру әдістері мен түрлерін салыстырмалы талдау;
  • шеттілдік білім берудің жаңартылған парадигмасына сәйкес оқыту үрдісін модельдеу;
  • жаңа ортада тиімді әдістер мен технологияларды қолдану бойынша ғылыми негізделген теориялық позициялар мен практикалық ұсынымдар әзірлеу;
  • ғылыми-зерттеу жобаларын тәжірибеде сынау;
  • ғылыми және ғылыми-педагогикалық тәжірибе кезінде ЖОО-да магистранттардың оқыту қызметін әдістемелік ұйымдастыру.

Магистрант мамандығы мен мамандануының ерекшеліктерін ескере отырып, міндетті цикл және таңдау пәндерінен өзінің білім бағдарламасын құрады.

Магистранттардың оқу тынысы

Жыл сайын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында шеттілдік білім берудің негізгі аспектілерін талқылауға арналған ғылыми-теориялық конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.

Сондай-ақ магистранттар шеттілдік білім беру әдістемесі мәселелері бойынша онлайн-семинарлар мен форумдарға қатыса алады.

Магистранттар заманауи құралдармен жабдықталған оқу залдарында, американдық кітапханада, монтаждау кабинетінде, компьютерлік сыныптарда, электронды оқу залында жұмыс жасай алады.

Соңғы жылдары магистранттар-дың білімін кеңейту және тереңдету үшін магистратурада әртүрлі мамандық бойынша шетелдік дәріскерлерді шақыру дәстүрге айналды.

  • Оқу мерзімі: 2 жыл.
  • Оқыту мемлекеттік қаражат есебенін (грант) және ақылы негізде жүргізіледі.
  • Оқыту түрі: күндізгі.

Абылай хан ат. ҚазақХҚжӘТУ магистратурасын бітірген соң мемлекеттік үлгідегі ғылым магистрі академиялық дәрежесін беру туралы диплом беріледі.

Печать E-mail

универсиада замена