Шетел филологиясы

Магистратура - Шетел филологиясы

"6М021000 – Шетел филологиясы" мамандығы бойынша магистратура ғылыми және шығармашылық мекемелерге мамандар, гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесі бар ЖОО оқытушыларын дайындауды жүзеге асырады.

Магистрлік білім беру бағдарламасы кешенді іргелі теориялық дайындыққа, шетел филологиясының теориялық және әдіснамалық заманауи түсініктері туралы магистранттардың әдіснамалық, теориялық және практикалық білімдерін тереңдетуге, сонымен қатар ғылыми таным-түсініктердің әдісі мен формасы туралы білім берудің заманауи философиясы концептілеріне бағытталған. Филология және лингвистика магистрлерін даярлауға ұсынылған аталмыш білім беру бағдарламасы (аталған мамандық бойынша магистрлерді даярлаудың біртұтас ғылыми–кәсіби білім беру бағдарламасына енетін бағдарлама) мақсатты міндеттерге кешенді және біріккен түрде сәйкес және білім беру үдерісінің барлық үш құрылымын (әдіснамалық-тұжырымдық, теориялық-кәсіби, технологиялық-білім берушілік) жүзеге асыруға толыққанды бағытталған.

Мамандықтың мақсаты - магистранттарға шетел филологиясы саласында жоғары оқу орнынан кейін білім алуға және жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға қолайлы жағдай жасау.

Бағдарламаның мақсаты: өзгетілді білім берудің когнитивті-лингвомәдени әдіснама контексінде заманауи технологияларды меңгерген жоғары білікті зерттеуші-филологтарды, ЖОО оқытушыларын дайындау.

Бағдарламаның міндеттері:

  • гуманитарлы ғылымдар магистрінде, шетел филологиясы маманында кәсіби маңызды құзыреттіліктерді қалыптастыру;
  • өзгетілді білім беру аясында кәсіби қызметтің теориялық-әдіснамалық негізін қалау.

Магистранттардың оқу мүмкіндіктері

Жыл сайын жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасында шетел филологиясының негізгі мәселелерін талқылауға арналған ғылыми-теориялық конференциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізіледі.

Магистранттар заманауи құралдармен жабдықталған оқу залдарында, американдық кітапханада, монтаждау кабинетінде, компьютерлік сыныптарда, электронды оқу залында жұмыс жасай алады.

Жыл сайын сессияны үздік тапсырған магистранттар өз мамандықтары бойынша шетелге тәжірибеден өтуге жіберіледі. Сондай-ақ магистранттар тіл білімі мен әдебиеттің өзекті мәселелері бойынша онлайн-семинарлар мен форумдарға қатыса алады.

  • Оқу мерзімі: 2 жыл.
  • Оқыту мемлекеттік қаражат есебенін (грант) және ақылы негізде жүргізіледі.
  • Оқыту түрі: күндізгі.

Абылай хан ат. ҚазақХҚжӘТУ магистратурасын бітірген соң мемлекеттік үлгідегі ғылым магистрі академиялық дәрежесін беру туралы диплом беріледі.

Печать E-mail

универсиада замена