Халықаралық қатынастар

Магистратура - Халықаралық қатынастар

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (ҚазақХҚжӘТУ) - магистрлік білім беру бағдарламалары бойынша шеттілдік білімі бар кадрларды даярлауға мамандандырылған ірі ғылыми оқыту кешені болып табылады.

ҚазақХҚжӘТУ магистратурасы - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне және ҚР ғылыми-зерттеу секторына ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудағы элиталық білім.

Магистратурада ғылыми-педагогикалық бағытта үлкен тәжірибесі бар, жоғары академиялық білікті мамандар: 5 ғылым докторы, профессорлар; 42 ғылым кандидаты, доценттер; Ұлыбритания, Австралия, АҚШ, Германия, Франция және басқа да шетелдік оқытушылар магистранттарға білім беріп, олардың ғылыми жұмысына жетекшілік жасайды.

Магистранттар міндеті:

  • Халықаралық үрдістердің салыстырмалы талдауы;
  • ҚР әкімшілік аппараты мен өкілетаралық ұйымдар үшін сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметтер бойынша ұсынымдар әзірлеу және жетілдіру;
  • Халықаралық қатынастардағы оқиғалар мен әзірлемелерді, ҚР сыртқы саясатының өзекті мәселелерін талдау және сыртқы саяси мәселелерді қалыптастыру;
  • Ақпараттық-талдамалық жұмыстарды ұйымдастыру;
  • Сыртқы саяси шешімдерді әзірлеу және іске асыруда сыртқы қарым-қатынас саласында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары мен мекемелері үшін ғылыми негізделген тәжірибелік ұсыныстар жасау;
  • Аймақтық және халықаралық жағдай шеңберіндегі мәселелер бойынша кеңес беру;
  • Халықаралық ұйымдар және мемлекеттік, мемлекеттік емес кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысын ұйымдастыру;
  • Халықаралық қатынастардың негізгі аспектілерін талқылауға арналған ғылыми-практикалық конференцияға, тақырыптық іскерлік ойындарға, «дөңгелек үстелдерге» қатысу.

Барлық магистранттар ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдырылады, магистрлік диссертация мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысады, әртүрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға, шетелдік тәжірибе алмасуларға қатысады.

Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ магистратурасы білім беру және ғылыми бағдарламаларын (екі жақты диплом, ғылым интернационализациясы) келесі шетелдік ЖОО-мен біріге отырып жүзеге асырады:

  • Женева бизнес мектебі, Швейцария;
  • Ухань университеті, ҚХР;
  • Ресей халықтар достастығы университеті, РФ.

Магистранттар жыл сайын әлемнің әртүрлі елдеріне, атап айтқанда М.В.Ломоносов ат. ММУ, РФ СІМ Мәскеу қ. Дипломатиялық академиясы, Барнаул қ. Алтай мемлекеттік университеті; Хангук университеті, Пусан шетел тілдері университеті, Тэджон Университеті (Корея); Ухань университеті (ҚХР), Вармин-Мазурский университеті (Польша), Гиссен Университетіне (Германия) тәжірибе алмасуға жіберіледі.

Магистранттар академиялық ұтқырлық бағдарламасына және шетелдік мемлекеттердің серіктес жоғары оқу орындарында мобильділік бағдарламаларына қатысуда;

Магистранттардың құзырында:

  • дебат клубы;
  • оқу залы;
  • америкалық кітапхана;
  • ақпараттық қызмет;
  • лингафон кабинеттері;
  • компьютер сыныптары;
  • электронды оқу залы;
  • заманауи құрылғылармен жабдықталған жапон тілін оқыту кабинеті.

Печать E-mail

универсиада замена