Үздіксіз жоғары білім беру факультеті

Біздің үздіксіз жоғары білім беру факультетіміз несімен тартымды? Оның тартымдылығы факультетіміздің басты міндеті – «өмір бойы оқып үйрену» идеясын іске асыруында болып табылады. Яғни біздің факультет кәсіби деңгейді үнемі дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру- деген заман талаптарына нақ жауап береді: Үздіксіз жоғары білім беру факультеті жоғары білім базасында шеттілдік мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Біздің факультетте алған білімдер түлектерге болашақта заманауи күрделі экономикалық жағдайларға бейімделуге көмектеседі.

Бірінші жоғары біліміңіз бар бола тұрып,сіз шетел тілдерін үйреніп және екінші жоғары білімге қол жеткізіп, академиялық ұтқырлығыңызды жандандыра түсе аласыз, бәсекеге қабілеттілігіңізді арттыра түсесіз. Мұның бәрі мәртебелі жұмысты табуға, мансабыңыздың өсуіне үлкен мүмкіндік береді.

Біздің студенттердің жұмыс істеумен  оқуға мүмкіндіктері бар, себебі олар тек дәрісханаларда ғана емес, сонымен бірге университеттің электрондық білім беру порталында қашықтықтан білім ала алады. Порталда интерактивті дәрістер, электрондық тесттер, глоссарийлер, практикалық және теориялық пәндер бойынша аудио, бейне және мәтіндік материалдар, қосымша веб-ресурстар, электрондық оқулықтар және әдістемелік нұсқаулықтар орналастырылған.

Біздің факультетте оқу 2,5-3 жылдық қысқартылған түрінде өткізіледі (оқудың күндізгі және кешкі түрлері, қазақ және орыс бөлімдері).

Мына мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі:

 Аударма ісі                                                                 Шетел филологиясы

    

Үздіксіз жоғары білім беру факультетін бітірушілерге шетел тілдерін кәсіби меңгеру қандай мүмкіндіктер береді?

  • Біріншіден, ғылым аясында академиялық ұтқырлықты табысты дамытуға, халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысуға.
  • Екіншіден, іскерлік қатынастарды және бизнес шегін кеңейтуге.

Үшіншіден, тұрақты мансаптың өсуіне қол жеткізуге.

Факультетімізге қош келдіңіз!
Құрметпен, факультет деканы,

Абжанова Д.А. 

Печать E-mail

универсиада замена