Журналистика

Магистратура - Журналистика

«Журналистика» мамандығы бойынша мамандар даярлау 1998 жылдан басталды. 2007 – жылдан бері магистратурада оқыту жүргізіліп келеді.

Университет технология тілін меңгерген, газетте де, радиода да, теледидарда да бірдей қызмет ете алатын, әмбебап журналистерді даярлап шығарады. Магистратураның «6М050400 – Журналистика» білім беру бағдарламасы мамандарды «Медиакоммуникация», «Мультимедиялық журналистикадағы жаңа технологиялар», «Заманауи жалпы коммуникациялар жүйесіндегі медиадискурс» мамандандыру пәндері бойынша даярлайды.

«6М050400-Журналистика» магистрант-тарын даярлау үшін арнайы зертхана жұмыс істейді, теле – радиохабарлар, жарнама роликтерін, бейнефильмдер әзірлеу үшін оларды беттеу мен монтаждауға арналған арнайы бағдарламалар пакеті жасақталған.

Магистранттар халықаралық, ғылыми- тәжірибелік конференцияларға белсене қатысады. Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ – бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыратын халықаралық университет (қос диплом, ғылым интернационализациясы). Университеттің атқарған мұндай жұмыстары халықаралық марапаттауларға ие. Атап айтқанда: Білім беру мен мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Австрия Құрмет кресті; «Еуропалық сапа» European quality) (2004 г.) Халықаралық марапаты; Еуропа интеграциясының дамуына қосқан үлесі үшін «Біріккен Еуропа» (The United Europe) Халықаралық марапаты (2005 г.); Жас ұрпақты зияткерлік дамуына қосқан үлесі үшін Халыаралық «Сократ» («Socrate») құрмет марапаты (2007 ж.); Кембридж ғылыми қауымдастығы тағайындаған «Білім беру көшбасшысы» Құрметті атағына ие.

Магистранттардың бірден (Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ (Қазақстан) және Wuhan University (Republic of China) тарапынан екі диплом алуларына мүмкіндіктері бар. «Журналистика» мамандығы бойынша магистранттар «MediaNET», «Қазақстан» теларнасы, «Алматы», «Қазақ радиосы» секілді алдыңғы қатардағы мекемелерде және әртүрлі журналдар мен газет редакцияларында тәжірибеден өтеді.

Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, жоғары әлеует пен қолайлы жағдай туғызады. Университет мамандарды дайындау үрдісінде ақпараттық технологияларды енгізу үшін қазіргі заманғы материалдық базамен қамтамасыз етілген. Абылай хан атындағы ҚазақХҚжӘТУ – республикадағы негізгі бағыты шетел филологиясы болып табылатын, дидактикалық электронды өнімдерді шығаруды қолға алған ең алғашқы жоғары оқу орнының бірі. Әлеуметтік серіктестікті дамыту, оның әртүрлі формаларында яғни қазіргі нарықтық экономиканың әлеметтенуінің маңызды құрамдас бөлігі болғандықтан, әлеуметтік серіктестікке үлкен мән беріледі.

Екі жылдық оқу барысында магистранттар магистрлік диссертация жазады. Зерттеу жұмыстары негізгі үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:

  • мәселе мен тақырыпты таңдау;
  • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, нысаны мен пәнін анықтау;
  • зерттеудің болжамын жасаудан тұрады.

Екінші кезеңге:

  • әдістерлі таңдау және зерттеу әдістемесін жасау;
  • болжамды тексеру;
  • тікелей зерттеу;
  • алдын ала қорытындылар тұжырымдау, олардың тестілеу және нақтылау;
  • қорытынды тұжырымдар мен практикалық ұсыныстарды негіздеу жатады.

Үшінші (қорытынды) кезең алынған нәтижелерді тәжірибеде қолдануға негізделген. Жұмыс ғылыми зерттеуге қойылған талаптар бойынша жүргізіледі.

Печать E-mail

универсиада замена