Қоғаммен байланыс

Қоғаммен байланыс жөніндегі мамандардың міндеті жұмыс беруші (мемлекеттік немесе коммерциялық құрылым, көпке танымал тұлға) мен қоғам арасында тиімді қарым-қатынас орнату болып табылады. Олар жасампаз жобалар жасайды, компанияның имиджін қалыптастырады, баспасөзге (баспасөз-релизге) және серіктестерге (дайджестке) арналған қаратпа сөздер жазады, сауалнама жүргізеді, корпоративтік мәдени шаралар ұйымдастырады және т.б.

Оқыту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • Халықаралық PR;
  • Мемлекеттік құрылымдағы PR;
  • Жаңа баспасөз қызметіндегі PR;
  • Жарнамалық іс-әрекет

Пәнді оқу нәтижесінде сіз келесіні үйренесіз:

  • жасампаз жобаларды жасауды
  • БАҚ-пен, мемлекеттік құрылымдармен, консалтингтік және жарнама агенттіктерімен, саяси партиялармен байланыс орнатуды және байланыс жасауды
  • қоғамдық пікір сауалнамасын жүргізу технологиясымен жұмыс істеуді
  • жарнама және PR-компанияларды жоспарлауды және ұйымдастыруды
  • корпоративтік мәдени іс-шараларды өткізуді
  • жағымды имидж қалыптастыруды және тағы басқа көптеген нәрселерді!

Сіз мамандық бойынша білім аласыз және ағылшын тілін үйрене аласыз. Оқытылатын пәндер арасында – PR-құжаттарды дайындау, жарнамадағы жасампаз әзірлемелер, имиджеология теориясы мен практикасы, заманауи қатысым менеджменті мен маркетингі, PR консалтинг, фирмалық стиль дизайны және т.б. Біздің студенттер тәжірибеден толық циклды жарнама агенттіктерінде, маркетингтік компаниядарда, PR-департаменттерінде өтеді.

Біз Сізді ерекше ойлауға, PR-жобалар жасауға, ақпараттық үдерістерді басқаруға үйретеміз!

Пиар маманы қайда жұмыс істей алады? Жауап-барлық жерде. Ал бұл асырып айтқандық емес....

Сіз әртүрлі өкімет органдарында, қоғамдық және коммерциялық ұйымдарда, консалтингтік жарнама агенттіктерінде, БАҚ-та жұмыс істей аласыз.

Осы мамандық бойынша төмендегідей ұқсас мамандықтарды игере аласыз:

  • халықаралық саладағы PR-менеджер
  • қоғаммен байланыс жөніндегі маман
  • контент-менеджер
  • аккаунт-менеджер
  • SMM маманы
  • стратегиялық қарым-қатынас бойынша менеджер (директор)
  • баспасөз қызметінің басшысы
  • PR-кеңесші
  • GR-кеңесші
  • саяси технолог
  • копирайтер
  • жаңа баспасөздегі PR-менеджер
  • жасампаз директор
  • имиджмейкер
  • дағдарысты қарым-қатынас жөніндегі маман
  • баспасөз хатшысы
  • продюсер

Мамандықтың бейіндік пәні – кез келген (ағылшын тілі, әдебиет, физика, тарих және басқалар).
«Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша талапкерлерге арналған екі шығармашылық емтихан қарастырылған:

  • эссе
  • презентация

Оқуға түсетін кезде төмендегі пәндер бойынша балл көрсеткіштері есептеледі:

  • Қазақстан тарихы
  • Оқу сауаттылығы

Печать E-mail

универсиада замена