Халықаралық Қатынастар факультеті

Раев Д

Құрметті біздің университет сайтының қонағы! Мен сізді біздің  Халықаралық Қатынастар факультетінің   сайтынан көргеніме қуаныштымын. Мен осы жерден әркім –   өз мамандығын таңдап қойған да, осы бағытта алғашқы қадамдарын жасаушы да – өзіне  пайдалы ақпарат таба алады  деп сенемін.Бүгінде факультетте 1500-ден аса студент күндізгі бөлімде, жеделдетілген бағдарлама бойынша, сондай-ақ қос диплом бағдарламасы бойынша білім алуда. Факультетте сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалған: жоғары мектепте білім берудің бай тәжірибесі мен жоғары деңгейлі дайындықтан өткен профессорлар мен оқытушылар құрамы сабақ береді, арнайы компьютерлік аудиториялар, лингафон кабинеттері  әлемдік желілермен байланысқан; сондай-ақ арнайы ресурс орталықтары ең өзекті әдебиеттермен және барлық мамандықтар бойынша мәліметтермен жабдықталған;

 

Факультет мамандықтары

меж отношения    регионовед

Студенттердің жақсы оқуға, өз зияткерлігі мен кәсіби деңгейін арттыруға ғана емес, сондай-ақ әртүрлі студенттік бірлестіктерде, үйірмелер мен клубтарда шығармашылығын дамытуға, университеттің қоғамдық өміріне белсене араласуына  мол мүмкіндігі бар. Халықаралық Қатынастар Факультеті халықаралық деңгейдегі мамандар даярлаудың жоғары мектебі ретінде саналады, мұнда мемлекеттік білім беру бағдарламаларымен қатар жетекші шетел ЖОО-ның: Ресей Халықтар Достығы университеті, Ресей СІМ университеті, ММЛУ, Ухан университеті, Пекин экономика және бизнес университеті, Делидегі Джавахарлал Неру университеті, Афинадағы Индианаполис университеті, Chungbuk National University, Kyung Hee University, Оңтүстік Корея Респубикасындағы Keimyung University  әртүрлі бағдарламалары жүзеге асырылады. Факультет төмендегідей салалар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды: халықаралық қатынастар, халықаралық құқық, аймақтану, құқықтану, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг. Факультетке 2014 жылы 20 жыл толды. Факультеттің түлектері мемлекеттік және мемлекеттік емес сауда ұйымдарында, ҚР-ның атқарушы және заң шығарушы билігі органдарында, сондай-ақ халықаралық бизнес-құрылымдарда әртүрлі қызметтер атқарады. Біздің факультеттің есігі өзіне деген сенімі мол және өз мақсатына жетуде ештеңеден тайсалмай алға ұмтылатын студенттер үшін әрқашан ашық.

Факультетімізге қош келдіңіз!
Құрметпен, факультет деканы,
Абсаттаров Г.Р.

 

Печать E-mail

универсиада замена