Аударма және филология факультеті

Мизамхан Б

Аударма және филология факультеті өзінің 15 жылдық өмір сүру кезеңінде Қазақстанның аударма және халықаралық коммуникация, тіл және әдебиет теориясы, машығы және әдістемесі саласындағы алдыңғы қатарлы оқу орнына айналды.Қазіргі уақытта факультетті филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Фулбрайт бағдарламасының стипендиаты, «2014жылдың ЖОО үздік оқытушысы»  атағының иегері Мизамхан Бағлан басқаруда.

Факультет оқытушылар мен студенттердің үлкен шығармашылық ұжымын біріктіріп отыр. Осы ұжымның бірлігі, студенттердің ғылыми жұмысқа барынша ерте ат салысуы - біздің дәстүрлеріміздің бірі болып табылады.

Біз екі шетел тілін жетік меңгерген, аударматану және филология ғылымдары саласында еңбек ететін кәсіби мамандарды дайындаймыз.

Факультет мамандықтары

       

    

Факультет көптеген отандық және шетелдік университеттермен, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдармен, баспалармен, аударма агенттіктерімен тығыз қарым-қатынас жасауда. Ғылыми-педагогикалық кадрлардың жоғары біліктілігі біздің факультет түлектеріне деген үлкен сұранысты қамтамасыз етіп отыр.

Факультеттің жүзеге асырып отырған копцепциясының тиімділігі жұмыс берушілердің оң пікірлері мен еңбек нарығында бәсекеге түсе алатын, кәсіби біліктілігі жоғары, ұтқырлық пен кең көлемді кәсіби байланыстар орнату сияқты қабілетке  ие түлектеріміздің кәсіби мансап жолындағы жеңістері арқылы анықталуда.

Факультетімізге қош келдіңіз!
Құрметпен, факультет деканы
Ф.ғ.к., доцент Мизамхан Б.
Т.292-08-05 (і.т.2809) 

Печать E-mail

универсиада замена