Шетел филологиясы

Бакалаврдың негізгі талаптары төмендегідей болып табылады:

  • Шетел тілін мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде қолдана алады; шетел тілдері аясында жұмыс істеуге қабілетті;
  • Сөйлеу және іскерлік этикетке ие, ауызша және жазбаша сөйлеу кәсіби деңгейді меңгерген маман;
  • Ресми іс-қағаздарының ауызша, жазбаша аудармасын жасауға қабілетті;

Шетел филологиясы  мамандығында шығыс және еуропалық тілдер бағытында оқытылады.

Түлектер мына мамандықтар аясында жұмыс істей алады:

  • Оқытылатын елдің тілі мен әдебиетін жетік білу;
  • Аудармашылық қызметте;
  • Ауызша және жазбаша аударманың әдістерін дағдысын терең игеру;
  • Оқытылатын елдің тілі мен әдебиеті меңгерген мұғалім;

Сен іс-тәжірибеден өтесің:

  • Болашақ мамандықтың ерекшеліктерімен таныстыратын фирмалар мен кәсіпорындарда;
  • Шет тілін тереңдетіп оқытатын арнайы мамандырылған мектептерде;

Сенің қызмет атқаратын аяң:

  • Қр өзге елдердегі өкілеттіліктерінде, сондай-ақ шет тілін терең меңгерген мамандарды қажет ететін мекемелерде;
  • Орта және жоғарғы оқу орындарында;
  • Шет тілі аптасына 12 сағат, ал жоғарғы курстарда (3,4 курстарда) 10 сағат көлемінде үйренетін мүмкіндік бар.
  • Сонымен қатар, жоғарғы курстарда қосымша тағы бір шетел тілін таңдауға мүмкіндік!
  • Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті саған шетел тілін толық меңгеруге мүмкіндік береді!

Есте сақта: бейіндік пәндер – Шет тілі + Дүниежүзі тарихы

Печать