Аударма ісі (қазақ-орыс)

Ілеспе аудармашы мамандығы келесі бағыттар бойынша дайындауды іске асырады:

  • Барлық қызметтік бағыттардағы ілеспе аудармашы
  • Ауызша аударма. Жазбаша аударма.

Ілеспе аудармашыларды қосымша элективтермен дайындау:

  • Саяси, қоғамдық-экономикалық, ауылшаруашылық, көлік, инновация және техникалық прогресс, мұнай және газ, медицина, мәдениет және білім, заң және дін салалары бойынша ілеспе аудармашыларды дайындайды.

Аударма ісі бакалаврының негізгі талаптары төмендегідей болып табылады:

  • жазбаша/толық және реферативті және ауызша (ізбе-із, ілеспе) аударма
  • категориялық аппаратты меңгерген, сөздік қорын жинақтаған маман
  • Саяси, қоғамдық-экономикалық, ауылшаруашылық, медицина, көлік, инновация және техникалық прогресс, мұнай және газ, мәдениет және білім, заң және дән салалары бойынша маман
  • Қазақстан Республикасының министрліктерінде ғылыми зерттеу институттарында, мемлекеттік ұйымдардың, тілдерді дамыту басқармаларында, құжаттама басқармаларында аударма жасай алатын кәсіби маман

Келесі салалар бойынша маманданасыз:

  • Мәдениетаралық қарым-қатынас
  • Аударма теориясы мен практикасы
  • Ілеспе аударма негіздері

Сіз тәжірибені келесідей ұйымдарда өтесіз:

  • Аударма бюросы
  • Қалалық қаржы басқармаларында
  • Мемлекеттік ұйымдарда
  • Ғылыми зерттеу институттарында
  • Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы

Жұмыс істей аласың:

  • Ілеспе аудармашы ауызша және жазбаша аудармашы қызметі керек жерлерде барлық қызмет бағыттары бойынша;
  • Шет тілін аптасына жоғарғы курстарда 6 сағат өту мүмкіндігін аласыз;
  • ҚазХҚжӘТУ дегідей мамандарды ешкім дайындамайды.

Есте сақта: бейіндік пәндер – Шет тілі + Дүниежүзі тарихы

Печать E-mail

универсиада замена