Шығыстану факультеті

       Шығыс-бұл сөзде бір керемет, ерекше баурап алатын нәрсе бар. Қазіргі уақыт тапшылығы, үздіксіз асығыстық орын алған заманда, ырғақты, тынық әлемге қол тигізгің келеді.  Шығыс-бұл тіл және мәдениет, тарих және философия, экономика және саясаттың мекені. Шығыстану факультетінде білім алу әлдеқайда көп, зор күш-жігерді, адалдықты және шығысқа деген үлкен сүйіспеншілікті талап етеді. Біздің факультетіміз ескі және жаңа дәстүрлер мен инновацияларды, ғылымды және жарқын студенттік өмірді біріктіреді. Бір жағынан, дәстүрді сақтай отырып, іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйеніп, екінші жағынан – уақыт талаптарынан қалыс қалмай, әрдайым алға ұмтылады, шығыстану ғылымы мен тәжірибесіндегі ең жаңа өзгерістерді ұстанады.

       Шығыстанушы, аудармашы және филолог мамандықтары уақыт талаптарын қанағаттандырады, ал біздің факультетімізде білім алу - студенттерге кешенді білім алуға, арабтану, ирантану, түріктану, қытайтану, корейтану және жапонтану саласында, яғни Қазақстанның сыртқы саясатының басым бағыттары мен маңызды векторлары жайында жан-жақты білім алуға, өз орнын табуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта факультет бакалавриат студенттеріне арналған 3 негізгі білім беру бағдарламасымен жұмыс жасайды;

    

     

      Факультеттің негізі - оның профессорлық-оқытушылық құрамы болып табылады. Факультетімізде 4 кафедра жұмыс істейді: Шығыстану кафедрасы, Қытай және Азия-Тынық мұхиты аймақтарының тілдер және аударма кафедрасы, Таяу Шығыс аймақтарының тілдер және аударма кафедрасы және Қиыр шығыс аймақтарының тілдер және аударма кафедрасы. Біздің факультеттің ең қызықтыратын жағы, меңгеріп жатқан тіл еліне шетел тағылымдамаларынан өту  болып табылады, онда бізде алған білімдерін бекітіп қана қоймай,сол елдің өзін терең зерттеуге болады. Сонымен, біздің факультетіміз-бұл ең мейірімді және жылы атмосфераға толы, қызықты студенттік өмір, тұлғалық және интеллектуалды әлеуеттің дамуы, кең ой-өрістің тоғысу орталығы болып табылады.

Факультет деканы

PhD., доцент Дәуен Динара Бақыткерейқызы

Печать E-mail

универсиада замена