Шығыстану

«6В02201 Шығыстану» білім беру бағдарламасының мақсаты-Шығыс елдерінің тілі, тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы ерекшеліктерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, халықаралық ортада талдау істеу дағдыларын меңгерген; Қазақстанды дамыту мақсатында мемлекеттік, жекеменшік және қоғамдық ұйымдардың халықаралық қызметін сүйемелдеуге қабілетті,  шет тілдерін (шығыс тілі және халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде ағылшын тілі) меңгерген Шығыстану мамандарын даярлау.

Болашақ шығыстанушылар шығыс елдерінің тілін, тарихын, мәдениеті мен әдебиетін, саясаты мен экономикасын зерттейді. Студенттер қытай, корей, жапон, түрік және араб сияқты шығыс тілдерін оқи алады.

Жоғарыда аталған пәндерден басқа, шығыстану саласында қосымша білім мен дағдыларды жетілдіру мақсатында майнорларды оқуға мүмкіндік беріледі. "6В02201 Шығыстану" білім беру бағдарламасы аясында келесі майнорлар оқытылады: Minor  - Шығыстың геосаяси және геоэкономикалық трансформациясы: тұрақты даму және қауіпсіздік, Minor  - Қазақстан және XXI ғасырдың Жібек Жолы: өңірлік әріптестіктің жаңа тетіктері, Minor  - Шығыстың креативті индустриялары, Minor  - Шетелдік Азияның ресурстық әлеуеті: Шығыс Азия, ОША, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс.

"6В02201 Шығыстану" білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҚазХҚжӘТУ келесі шетелдік серіктестермен жұмыс жасайды: Оңтүстік-Батыс университеті, ҚХР, Kookmin University Оңт. Корея, ҚХР Шыңжаң университеті, ҚХР Шанхай екінші политехникалық университеті, бұл "6В02201 Шығыстану" білім беру бағдарламасы студенттеріне академиялық ұтқырлық бойынша онлайн және оффлайн форматтарда шетелде білім алуына мүмкіндік береді.

Бейіндік пәндер: Шет тілі+дүниежүзі тарихы
Шекті балл: ақылы түрде -65,
Грант конкурсына қатысу -100

Печать E-mail

универсиада замена