Шет тілі: екі шетел тілі

Білім Бакалаврының (шетел тілдері) негізгі міндеттері:

  1. Халықаралық бірлестіктер мойындаған деңгейде шетел тілін меңгерген мамандарды дайындау:
    • Еуропалық стандарт талаптарына сәйкес базалық шетел тілін меңгерген;
    • Шағын мамандандырумен сәйкес шетел тілін арнайы мақсатта меңгерген маман даярлау
  2. Халықаралық деңгейде қабылданған шетел тілдерін оқытудың деңгейлік тәсілін ұлттық білім беру жүйесін ескере отырып ендіру
  3. Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығын ескере отырып оқытудың мазмұнын анықтау.

Мамандықтар:

  • Ерте оқытудың мазмұнды компоненті, жоспарлау және технологиясы
  • Негізгі мектепте шетел тілін оқытудың әдістемесі мен технологиясы
  • Мәнмәтінге негізделген құзыретті шетел тілін бейіндік мектепте оқыту

Тәжірибелер:

  • Оқу-әдістемелік және зерттеу практикасы;
  • Оқу-әдістемелік практикасы;
  • Жалпы педагогикалық практикасы;
  • Кәсіптік-мамандандырылған практикасы.

Кім болып жұмысқа тұра аласыз:

  • Екі шетел тілі(екі еуропа тілі немесе еуропа тілі мен шығыс тілдерінің біреуі) мұғалімі ретінде
  • Мамандандырылған мектеп мұғалімі(шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шетел тіліне оқытатын мектептер)

Студенттер өз бiлiмдерiн Германияның Бамберг университеті, Қытайдағы Ланджоу университеті, Оңтүстік Кореяның Чунан, Кеймюнг, Пусан шетел тілдері, Ханкук, Чунбук университеттері және тағы да басқа шет елдің жетекшi жоғарғы оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіншіліктері бар.

Есте сақта: бейіндік пәндер – Шет тілі + Дүниежүзі тарихы

Печать E-mail

универсиада замена