Шығу отқырлық

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ студенттері студенттер алмасу бағдарламасына қатысып, бір немесе екі семестр шетелдік серіктес жоғарғы оқу орнында білім алу мүмкіндігі бар.

Талапкерлерді таңдау - конкурстық комиссия арқылы жүргізіледі.

Конкурсқа қатыса алатын студенттер:
  • 2-ші немесе 3-ші курста оқитын
  • Қаржылық және академиялық қарыздары жоқ
  • Үлгерімінің орташа баллы (GPA) 3,33 кем емес
  • Университеттің қоғамдық өмірінде белсенді қатысатын білім алушалар
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
  • ҚазХҚжӘТУ Ректорының атына жазылған, кафедра меңгерушісі мен факультет деканының қолы қойылған білім алушының жеке өтініші.
  • GPA көрсетілген, 3 тілдегі(қазақша, орысша, ағылшынша)транскрипт(2 дана)
  • Міңездеме (кафедра меңгерушісінің қолы қойылған)
  • Тиісті шетел тіл білімін растайтын сертификат көшірмесі (бар болған жағдайда)
  • Мақтау қағаздары, сертификаттар (олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға қатысуларын растайтын және т.б.) университетке түскен кезінен бастап.
  • Паспорт көшірмесі

Құжаттар тиісті факультет деканатына тапсырылуы керек.

Құжаттарды қабылдау туралы мәліметтер университет сайтында жарияланады. Конкурстық комиссиядан өткен студенттер тізімі де университет сайтында жарияланады.
Толық ақпарат алу үшін Академиялық ұтқырлық бөлімшесіне баруға болады

 

Печать