Мемлекет мүддесі жолындағы алғашқы қадам

Әр ұрпақтың маңдайына ел алдында өз үлесін қосу секілді ұлы міндет жазылған. Сол жауапкершілікті ерте сезініп, шынайы ынтамен қызмет етуге ұмтылатын жастар — Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының кепілі. Осындай мақсаткер буынның жарқын өкілі — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті-нің 4-курс студенті Ермек Елдана Айдынқызы.

"Құқықтану" білім бағдарламасы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенті Республикалық олимпиада сайысында мәртебелі ІІІ орынға ие болды

Абылайхан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-нің 4 курс студенттері Асылбеков Бексұлтан (4 курс ХҚ), Қуанышбеков Әлібек (4 курс ХҚ), Қылышбекова Азиза (3 курс ХҚ), Имашева Аружан (3 курс ХҚ), Тілебалғанов Диас (2 курс Құқ) Халықаралық құқық кафедрасының қауымдастырылған профессоры, доцент Меерманова Жұлдыз Базарбековнаның жетекшілігімен 2025 жылдың 3 мамырында Тұран университетінде «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

«6В02201-Шығыстану» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІІ Республикалық пәндік олимпиада

2025 жылдың 21-30 сәуір күндері  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «6В02201-Шығыстану» ББ бойынша кезекті ХVІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада болып өтті. Олимпиадаға факультетімізден 2-4 курс студенттері қатысты.

Білім беру бағдарламалары топтары бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңі

2025 жылғы 29 және 30 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде білім беру бағдарламалары топтары бойынша студенттер арасында Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өткізілді:

«Arrival» дипломатиялық симуляциялық ойын

Студенттердің шет тілі мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілігінің даму деңгейін, олардың еркін қарым-қатынас және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын бағалау мақсатында 2025 жылдың 25 сәуірінде Халықаралық қатынастар және мемлекеттік қызмет факультетінің халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары халықаралық қатынастар бөлімінің аймақтану зертханасы аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының көпжақты дипломатия күніне орай 2 курс студенттері арасында «Arrival» дипломатиялық симуляциялық ойынын ұйымдастырды.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мен ITECA компаниясы «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН!» бизнес-жоба байқауын өткізді

Алматы, 2025жылғы 25сәуір — Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (ҚазХҚжӘТУ) Қазақстандағы ірі көрме компанияларының бірі — ITECA компаниясымен бірлесе отырып, «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН атты бизнес-жоба байқауын өткізді. Іс-шара ITECA компаниясының негізін қалаушы әрі алғашқы басшысы Эдвард Стронның 60 жылдық мерейтойына арналды.

"Тіл — халықтың жан дүниесі" Республикалық байқауы

2025 жылғы 25 сәуірде Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дың «Логос» командасы: 109, 112 топтарының Шығыстану факультетінің «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар студенттері  — Чакантаева Арайжан, Өмірбекова Даяна, Талант Аружан, Бегматова Жанар, Бекжанова Адемa — Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен V Республикалық «Тіл — халықтың жан дүниесі» атты орыс сөз өнері білгірлерінің байқауына қатысты.

Жансүгіров оқулары

Жетісу мемлекеттік университетінің шақыруымен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің «6В04103 – Менеджмент және маркетинг» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған «Лидер» командасы – Холоша Ярослав (2 курс), Қусаинов Нуркен (2 курс), Абдықұл Нұрай (3 курс) – экономика ғылымдарының кандидаты, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті Қишібекова Ғалия Қабидолдаевна жетекшілігімен республикалық ғылыми-тәжірибелік «Жансүгіров оқулары» конференциясына қатысып, ғылыми жобаларын сәтті қорғап, І дәрежелі дипломға, сондай-ақ ғылыми баяндамалары үшін І және ІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.

Marriott International өкілдерімен кездесу (Алматы және Астана)

2025 жылғы 23 сәуірде университетте Marriott International халықаралық қонақ үй желісінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге The Ritz-Carlton, Алматы қонақ үйінің бас директоры Alexander Sell және Marriott тобына кіретін төрт қонақ үйдің HR-директорлары (The Ritz-Carlton, Almaty; The Ritz-Carlton, Astana; Sheraton Astana; The St. Regis Astana) қатысты.

ҚазХҚжӘТУ студенттері журналистика бойынша Республикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болды

2025 жылғы 21–22 сәуір аралығында Астана қаласындағы Maqsut Narikbayev University базасында «Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Бұл беделді байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 19 команда қатысты.

ҚЫЗУ ӨТКЕН СПИКЕРЛЕР САЙЫСЫ

17 сәуір күні Абылай хан атындағы Қазақ ХҚжӘТУ-дің қазақ филологиясы кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Ш.А.Нұрмышева, п.ғ.м., аға оқытушы Л.Ж.Хамимульдинова, ф.ғ.к., доцент Б.Ө.Ақыштың ұйымдастыруымен КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ғалым, әйгілі академик Е.А.Бөкетовтың 100 жылдық мерейтойына орай ХКжМ және ХҚ факультеттері 2 курс студенттерінің арасында «Көпшілік алдында сөйлей білесің бе?» атты спикерлер байқауы болып өтті. Сайыс мақсаты білімгерлердің көпшілікте сөз сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын сенімді әрі жүйелі, дәлелді жеткізе білуге үйрету, сыни ойлау, аудиториямен байланыс орнату қабілеттерін шыңдау болды.

II Орталық Азия медиафорумы Астанада

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Дариға Машаи 2025 жылғы 16-17 сәуірде Астана қаласында өткен II Орталық Азия медиафорумына қатысты. Форумға саясаткерлер, журналистер, медиакомпаниялардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Катар, Ресей және басқа да елдерден жиналды.

«Абай оқулары әлем тілдерінде» атты халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары

14 сәуір  2025 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-де Абайдың рухани мұрасын қазақ, орыс, ағылшын, араб, түрік, корей, қытай, ұйғыр тілдерінде мәнерлеп оқудан «Абай оқулары әлем тілдерінде» атты халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультеті студенттері де қатысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

12-13 сәуірде Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің Медиа және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар институтының филологтары жыл сайынғы «X филологиялық ассамблея» халықаралық ғылыми-танымдық форумын өткізді, оған Абылай хан атындағы ҚазМУ және ММУ докторанттары мен магистранттары (Ашімова Зарина, Баситова Шахноза, Садвакасов Алишер, Батырбаева Алия - ғылыми жетекші профессор Ғазинұр Гиздатов) қатысты.

А.А.Феттің 205 жылдығына арналған «Сәлеммен келдім мен саған» өлеңдерін оқу бойынша челлендж

2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Қазақстан ғылым қызметкерлерінің күніне арналған «ТІЛ – ЕСТЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ЖЫЛДАР САҚТАУШЫСЫ» орыс тілі фестивалі аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің теориялық және қолданбалы тілтаным кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы атақты танымал орыс лирик ақыны, аудармашы және мемуарист Афанасий Афанасьевич Феттің 205 жылдығына арналған челлендж өткізді.

ҰРПАҚТАР КЕЗДЕСУІ: ҚазХҚжәнеӘТУ-дың БЕДЕЛДІ ТҮЛЕКТЕРІ СТУДЕНТТЕРМЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІН БӨЛІСТІ

Аударма, филология және бизнес табысқа жету жолында қалайша өзара байланысады – кәсіпқойлардың берген ақыл-кеңестері

«Үздік басылым» байқауы

2025 жылғы 11 сәуірде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы «Үздік басылым» тақырыбында байқау  ұйымдастырды. Байқауға Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің 1-курс студенттері қатысты.

«ЯЗЫК – ХРАНИТЕЛЬ ПАМЯТИ И ЛЕТ» ОРЫС ТІЛІ ФЕСТИВАЛІ

2025 жылғы 5-10 сәуір аралығында Абылай хан атындағы ҚазҰБМ теориялық және қолданбалы тілтану кафедрасының  «ЯЗЫК  –  ХРАНИТЕЛЬ ПАМЯТИ И ЛЕТ» ОРЫС ТІЛІ ФЕСТИВАЛІ аясында «Өркешті ат» туындысы бойынша анимациялар байқауы өткізілді Аталған іс-шара ақын, прозашы және драматург П.П,Ершовтың туғанына 210 жыл толуына арналған. Байқаудың мақсаты − шығармашылық тұлғаны қалыптастыру, жасанды интеллектті пайдалана отырып, көркем туындылардың бейнелерін түсіндіру негізінде студенттердің креативтілігі мен ойлау ерекшелігін дамыту.

Қазақ бөлімінің 1-курс студенттері арасында орыс тілі пәнінен Олимпиада

2025 жылдың 2 сәуірі мен 9 сәуірі аралығында Теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы қазақ бөлімінің 1-курс студенттері арасында орыс тілі пәнінен Олимпиада өткізді.

«ALMATY» қонақүйінде өткізілген тәжірибелік дәріс

2025 жылдың 3 сәуірінде «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері үшін «ALMATY» қонақүйінде «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесіндегі инфрақұрылым» және «Қонақүйлер мен мейрамханаларды жобалау және дизайн негіздері» пәндерінен Заманбекова Алтынашаш Булатовна және Терликбаева Жанар Серікханқызының жетекшілігімен тәжірибелік дәріс ұйымдастырылып, өткізілді.