Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері арасында экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған «Invest in our planet» конкурсы

2024 жылдың 13 наурызында Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері арасында экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған «Invest in our planet» конкурсы өтті. Әр топ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу бойынша презентация, бейнеролик, фотосурет көрсетті.

"Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Мұғалім: армандаған мамандық немесе өмірге бейімділік

2024 жылдың 11 наурызында шетел тілдері педагогикалық факультетінде «Мұғалім: армандаған мамандық немесе өмірге бейімділік» атты дөңгелек үстел өтті, оған «Екі шетел тілдерінің мұғалімі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі Алмашова Камила Асқарқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада студенттер дипломалды- педагогикалық тәжірибеде алған тәжірибелерімен алмасты және мектептегі педагогикалық іс-әрекеттерді бейнелейтін видео-презентация дайындай отырып, болашақ ұстаз ретінде кәсіби шыңдалуында педагогикалық тәжірибенің маңызды рөліне тоқталды.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Сочи қаласында өткен Бүкіләлемдік жастар фестиваліне қатысты

1-7 наурыз аралығында Сочи қаласында (Ресей федерациясы) Бүкіләлемдік жастар фестивалі өтті, оған Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенті Каршига Танханым қатысты. Каршига Танханым елеулі іріктеу байқауынан сәтті өтіп, фестивальга жүлдеме ұтып алды. Іріктеу бірнеше кезеңдерден құралған: эссе жазу, тарих саласында білімді бақылауға арналған онлайн-тестілеу, сондай-ақ ағылшын тілінде бейне түсіру.

«Журналистика» білім беру бағдарламасының студенттері «ШАЙQAS» интеллектуалды сайысының 3 орын иегері атанды

2024 жылдың 29 ақпанында Абай атындағы ҚазПУ-де «ШАЙQAS» интеллектуалды сайысында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-нің «Журналистика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері жүлделі 3-ші орынға ие болды:

Педагогикалық факультеттің 2 курс студенті Інкаш Назеркенің "ғылыми қоғамдастықтың қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндеріне интеграциясы"атты ІХ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуы

Педагогикалық факультеттің 2 курс студенті, факультет Лидері Інкаш Назерке 2024 жылғы 7-9 ақпанда Лион қаласында (Франция) «Ғылыми қоғамдастықтың біздің заманымыздың жаһандық сын-қатерлеріне интеграциясы» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға онлайн түрде қатысып, ғылыми жобасы жинаққа шықты. Жетекшісі педагогикалық ғылымдар магистрі Бейсенова Дамира Маратовна.

Аудармашы-синхронист мамандығы студенттерінің аударма және филология факультетінің "Аударматану және филологиядағы мәдениетаралық коммуникация мәселелері" конференциясына қатысуы

Ақпан айы ҚазХҚ және ӘТУ университетінің аударма және филология факультетіндегі оқиғаларға бай ай болды. Оқиғалардың шапшаң құбылуындағы маңызды сәт 21 ақпанда өткізілген "Аударма және филологиядағы мәдениетаралық коммуникация мәселелері" атты студенттік конференция болды.

«Бизнес-жоспарлау» халықаралық студенттік олимпиада

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің "Халықаралық бизнес" кафедрасы 2024 жылғы 20 ақпанда "Бизнес-жоспарлау" пәні бойынша онлаин халықаралық студенттік олимпиада өткізді.

"Ұлт мұғалімі – Ахмет Байтұрсынұлы" тәрбие сағаты

20 ақпан 2024 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «6В11102 Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 101 топ студенттерімен «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында танымдық тәрбие сағаты өткізілді. Соған орай Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолымен танысу үшін Ахмет Байтұрсынұлының Мұражай-үйіне экскурсияға барып қайтты.

“Қытай елінің өнері мен мәдениеті”

2024 жылдың 20 ақпанында шығыстану факультетінде шығыс филологиясы кафедрасының қытай тілі бөлімінің оқытушысы Райхан Багиланың жетекшілігімен 306 топ ұйымдастырған “Қытай елінің өнері мен мәдениеті” атты қызықты және танымдық іс-шара өтті.

"ҚР сыртқы саудасы"

2024 жылғы 19 ақпанда 207/3 аудиторияда сағат 10:55-12:40 аралығында э.ғ. к., ассоц профессор  С. О. Читанова "Халықаралық бизнес" білім беру бағдарламасының 4 курс орыс бөлімі студенттерімен Іскерлік ойын түріндегі "ҚР сыртқы саудасы" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

«Аудармашы» сайысы

2024 жылдың 13-ақпанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Аударма және филология факультетінің синхронды аударма кафедрасы студенттер арасында «Синхронды аудармашы» байқауын сәтті өткізді. Іс-шара шығармашылыққа, тілдік шеберлікке және студенттердің аудармашылық дағдыларының тамаша көрсетіліміне толы болды.

"PR мамандығының қоғамға әсері" мастер класс

2024 жылдың 13 ақпанында "Қоғаммен байланыс" мамандығының студенттеріне PR эксперті Асель Алимхановадан "PR мамандығының қоғамға әсері" тақырыбына мастер класс өтті.

“Қытайша өркениетімен танысу - поэтикалық Чаньань, тамаша өркениет туралы естелік “

2024 жылдың 2-ақпанында ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында Алматы қаласындағы Қытай Халық Республикасының   Бас консулдығымен бірлесіп ұйымдастырылған “Қытайша өркениетімен танысу - поэтикалық Чаньань, тамаша өркениет туралы естелік “ тақырыбында онлайн іс-шара өткізіліп,Шығыстану факультетінің деканы,с.ғ.қ., проф   Кағазбаева Э.М ,  Конфуций институтінің профессоры Ши Лунвэй,  оқытушы Ху Хунъюя, Шығыс тілдерінің аудармасы кафедрасының аға оқытушылары  Аділәлі Ж мен Ашимбаева А, Шығыс филология кафедрасының оқытушысы Меллат Д  және Шығыстану факультетінен 1 және 2- курс студенттері қатысып ,  рухани азық алып қайтты.

Шығыстану факультетінің студенттері «CU Central Asia» ЖШС ұсынған кореялық BGF компаниясының өкілдерімен кездесуге қатысты.

BGF компаниясы Оңтүстік Корея нарығында 2009 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Корея, Моңғолия мен Малайзияда 17400-ден астам бөлшек сауда нүктелері бар. Қазақстанда желі ашуды жоспарлап отыр.

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" республикалық форумының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен және «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дарынды студенттер арасында байланыс орнату мақсатында 2023 жылдың 8 желтоқсанында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ базасында «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» республикалық форумы өтті. Форум барысында үздік студенттер марапатталды.

Жас зерттеуші Ділнәр Меллаттың Қытайға ғылыми іссапары

Шығыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қытайда қорғаған Меллат Ділнәр ҚХР Тілдерді оқыту және ынтымақтастық орталығы ұйымдастырған жас синолог-зерттеушілер курсында ғылыми бағытын жетілдіріп қайтты. Бұл бағдарламаға әлемнің түкпір-түкпірінен 22 жас зерттеуші қатысты, оның ішінде оқытушы Д. Меллат Қазақстанның атынан жалғыз қатысып, сертификат алды.

“Компьютерлiк лингвистика” байқауы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Білім беруді кәсіби цифрландыру" кафедрасы мен қашықтықтан білім беру орталығы факультеттерінің студенттері арасында цифрландыру күніне арналған біздің университет ректоры Салима Сағиқызы Құнанбаеваның 80 жылдығына орай 2023 жылғы 08 желтоқсанда "Компьютерлік лингвистика" тақырыбы бойынша Питон бағдарламалау тілін пайдалана отырып, жобалардың университет студенттерінің конкурсын дайындап, өткізді.

Халықаралық байқау - «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2023»

2023 ж. 8 желтоқсанда Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Үздік студенттер академиясының» ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында «ТМД-ның ҮЗДІК СТУДЕНТІ - 2023» атты халықаралық байқауы өтті. Бұл халықаралық байқауға Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің «Шығыстану» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Қодас Мақпал қатысқан болатын. Нәтижесінде, Қодас Мақпал І дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Университетіміз бен факультетіміздің мәртебесін асқақтатқан студентімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Ашхабад қаласында өткен II ашық халықаралық интернет-олимпиада

2023 жылдың 5 желтоқсанында Түрікменстан астанасы Ашхабадта жоғары оқу орындарының студенттері арасында экология бойынша II ашық халықаралық интернет-олимпиада өтті.