Шетел тілдері мамандықтарының топтары бойынша Республикалық пәндік олимпиада:5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі, еуропалық / шығыс бағыты; 5В021000-Шетел филологиясы: Шетел филологиясы еуропалық / шығыс бағыты; 5В020700-Аударма ісі

2022 жылдың 21-22 сәуірінде АҚ Абылай хан атындағы "Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті" базасында Шет тілдері бойынша республикалық пән олимпиадасының 2-кезеңі өтті. Республикалық пәндік Олимпиада мерзімінде және ұйымдастырылған түрде өтті. Студенттер жоғары эрудицияны, жақсы теориялық және практикалық дайындықты көрсетті.

«Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының» 30 жылдығы

Шығыстану факультеті шығыс филологиясы кафедрасы түрік тілі бөлімінің ұстаздары мен 1-4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен 4 - 7 сәуір аралығында факультетімізде «Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының» 30 жылдығына орай түрік тілі апталығы өткізілді. Түркия республикасының тарихы,мәдениеті жайлы қызықты мәліметтер айтылды..Студенттердің алған білімдерін шыңдай отырып Түркияның тарихы, мәдениеті, тілі мен әдебиеті кеңінен насихатталды.

Халықаралық коммуникация және лингвистика

2022 жылдың 5-12 сәуір аралығында Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларына арналған профессор Ратнешем Двиведимен онлайн кездесу өткізді.

«Жас Отан. Жастар қанаты»

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Жас Отан. Жастар қанаты» және т.ғ.д., профессор Х. Хабиев атындағы Қоғамдық қор қолдауымен 2022 жылдың 4-7 сәуір аралығында дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы аясында 2 кезеңнен тұратын республикалық байқау өткен болатын. Бұл байқауға т.ғ.к., доцент Есеркепова Ж.О. жетекшілігімен «Шығыстану» мамандығының 3 курс студенті Амангелдиев Ерсултан қатысқан болатын.

"Медиа саласындағы зерттеу әдістері"

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университеті профессор Ратнеш Двиведиді арнайы "Медиа саласындағы зерттеу әдістері" тақырыбында спикер болуға шақырды.

«Шалқар Алма-Ата 106.5 ҒМ»

Сәуір айының 4-жұлдызында «Шалқар Алма-Ата 106.5 ҒМ» радиосының «Құтты білік» бағдарламасында университетіміз туралы арнайы бағдарлама әуе толқынына таралды. Бағдарламада университетіміздің профессоры, ф.ғ.д. З.С.Айдарбеков, жастар ісі жөніндегі комитет терайымы К.Н.Жанысова, қоғаммен байланыс маманы Ұ.М.Болатова және Шет тілдер педагогика факультетінің лидері Е.Талғатов сұхбат беріп, өз пікірлерімен бөлісті.

«Крим-Экс-2022»

Біздің студенттеріміз «Крим-Экс-2022» криминалистика және сот сараптамасының үздік белгілері» атты жыл сайынғы VІ халықаралық байқауында І орынға ие болды. Арнайы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультеті қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелерін зерттеу орталығы ұйымдастырған байқауға Республикамыздың түкпір-түпкіріндегі болашақ заң саласының мамандарынан құралған 11 команда қатысты.

«Тілді оқытудың заманауи әдістері» атты республикалық практикалық онлайн курс өз мәресіне жетті

2022 жылдың 14-31 наурыз аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қазақ филологиясы кафедрасының жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту орталығы «Тілді оқытудың заманауи әдістері» атты (80 сағат) республикалық практикалық онлайн курс өткізді. 

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің және ҚазҰҚПУ магистранттары Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де ғылыми тағылымдамадан өтті

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің магистранттары  «7М01719-Шетел тілі оқытушыларын даярлау (ғылыми-педагогикалық бағыт)» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2022 жылдың 14 ақпанынан 26 наурызға дейін ҚазХҚжәне ӘТУ қашықтықтан білім беру технологияларын (ДОТ) қолдану арқылы «Когнитивті-лингвомәдени әдістеме негізінде шет тілдік білім беруді модернизациялау» қолданбалы зертханаларының негізінде ғылыми тағылымдамадан өтуде.

Құрметке лайық ұстаз

14-наурыз күні ҚазХҚӘТУ ректоры, академик  С.С. Құнанбаеваның қолдауымен,  Қазақ филологиясы кафедрасы Мемлекеттік тілді дамыту орталығының  ұйымдастыруымен А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай және белгілі ұстаз, әдіскер-ғалым Ғ.Ж.Тұңғатованың 60 жылдық мерейтойына арналған «Тілді оқытудың заманауи әдістері» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Ғалия Жолдыбайқызы Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ-де білім алып, осы университетте мемлекеттік тілді дамыту бағытында 40 жыл бойы еңбек еткен тұлғалы ұстаз. Осы еңбегін ескерген ректордың арнайы құрмет грамотасын университетіміздің Ғылыми және инновациялық  істері жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор М. У. Успанова табыстады. Сонымен қатар ұстаздың университетке сіңірген еңбегі мен елеулі үлесі жайында әсерлі баяндап берді.

«Индонезия мен Қазақстанның әртүрлілігі мен үндестігі»

2022 жылдың 10 наурызында әріптестік меморандум аясында Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер университетінің студенттері мен Universitas Penbangunan Nasional Veteran Jakarta (Индонезия) студенттерінің қатысуымен онлайн кездесу өтті. Кездесуге UPNVJ Ректоры Эрна Хернавати, Абылай хан атындағы ҚХжәнеӘТУ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сережкина Т.В., Индонезияның Қазақстандағы елшісі Фаджрул Рахман мырза, Қазақстанның Индонезиядағы елшісі Данияр Сарекенов және екі тараптың қызметкерлері мен оқытушылары да қатысты. 

«Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VIII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2022 жылдың 11 наурызында  Алматы қаласында  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінде  жас ғалымдар мен мамандар үшін «Индустрия 4.0: ұрпақтар сұхбаты және жас ғалымдарға жаңа бағыт-бағдар» атты VIII Республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция барысында шет елдік және отандық ғалымдар, ЖОО оқытушылары мен докторантары, магистранттар  өз жұмыстарын көрсетті. Конференция online форматта өтті.

"Болгария Еуропалық Одақ пен жаһанданған әлемде"

2022 жылдың 28 ақпанда аймақтану кәсіби кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің "6В03102-Аймақтану" мамандығының 3 курс студенттеріне профессор Искрен Ивановтың "Болгария Еуропалық Одақ пен жаһанданған әлемде" тақырыбында дәріс ұйымдастырды.  Дәріс онлайн форматта, жоғары деңгейде өтті. Онлайн дәріс барысында студенттер теориялық сұрақтар қойып, Еуропадағы саяси жағдайды талқылады.

AUF-RFI кәсіптік тағылымдамасы

Шет тілдер педагогикалық факультетінің 3-курс студенті Абилкасимова Аида Камиевна Румынияның Бухарест қаласындағы «AUF-RFI» бүкіләлемдік университеттер желісі ұйымдастырған француз тілінен кәсіби тағылымдаманың іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Әлемнің Албания, Армения, Турция, Ресей, Украина, Грузия, Молдова сынды алпауыт 26 елінен білікті де білімді студенттер бақ сынасқан іріктеуге университетімізден 30-дан аса студенті қатысуға ниет еткен. Жалпы нәтижеде әлем елдерінен 19 қатысушы іріктеліп алынды. Өзінің тілдік құзіреттілігін дәлелдеп, топты жарып шыққан студентіміз жетекшісі Бесирова Нургуль Сайлаухановнамен бірге үлкен дайындықтың оң нәтижесіне қол жеткізіп отыр.  

Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ студенттерінің "Sutpen shai" подкасты тыңдауға қолжетімді

Қошқарбай Асылжан, Рахимжанова Меруерт және Қапан Маржан "Әлеуметтік желілердің адамның психологиялық және физикалық денсаулығына әсері және олардың күнделікті өмірде қолдану ерекшеліктері" тақырыбында подкаст жазу бойынша өз жобасын таныстырды. Студенттер журналистік зерттеу жүргізіп, жобаның маңыздылығын дәлелдеді. Соның арқасында олар грант жеңіп алып, аудио платформаларда "Sutpen Shai" подкастын шығарды:

"Тринидад және Тобаго: тарих, әлеуметтік-экономикалық жағдай және сыртқы саясат"

2022 жылдың 21 ақпанда аймақтану кәсіби кафедрасы халықаралық қатынастар факультетінің "6В03102-Аймақтану" мамандығының 1 курс студенттеріне профессор Рагунах Махаббирдің "Тринидад және Тобаго: тарих, әлеуметтік-экономикалық жағдай және сыртқы саясат" тақырыбында дәріс ұйымдастырды.  Дәріс онлайн форматта, жоғары деңгейде өтті. Онлайн дәріс барысында студенттер теориялық сұрақтар қойып, Венесуэланың да ішкі саяси жағдайын талқылады.

«Generation Zertteu»

2022 жылы қаңтар айының 14-жұлдызындаАлматы қаласында 21-29 жас аралығындағы жас журналистер арасында  «Generation Zertteu»үздік зерттеу жобасы Республикалық байқауының екінші  кезеңі мен жеңімпаздарын марапаттау рәсіміөтті.

«ТМД үздік студенті – 2021»

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ғылымы мен білімін дамытуға бағытталған «ТМД үздік студенті – 2021» халықаралық жобасының қорытындысы бойынша менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінің 3 курс студенті Шілдебай Дана «ТМД-ның үздік студенті – 2021» атанды.

"Елбасы медалі"

Аударма және филология факультетінің роман бөлімінің (француз тілі) 1 курс студенті Алибекова Айгерим "Елбасы медалі" жобасына қатысып, қола медалінің иегері болды.
«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсаттар қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. Бұл жобаны толықтай “Нұрсұлтан Назарбаев Қоры” қаржыландырады.

Құттықтаймыз

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің Шет тілдер педагогикалық факультетінің 2 курс студенті Хабибова Сабрина Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты халықаралық байқауға қатысты. Хабибова Сабрина "Жылдың үздік студенті" номинациясының жеңімпазы атанды.