Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-нің орыс лигасының пікірсайыс клубы «AUDC Pantheon» жүлделі орындарға ие болып, қалалық турнир өткізеді

«AUDC Panteon»  пікірсайыс клубы бірнеше жылдан бері жұмыс істейді, бірінші дәрежелі пікірсайысшыларды дайындап, қалалық турнирлерге қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.

Бір айда олар тамаша жұмыс атқарды - олар «Skill Matrix Practice Cup» қалалық турниріне қатысып, жүлделі орындарға ие болды; Тұран университетінде өткен күздің басты турнирінде жартылай финалға шықты және университетіміздің қабырғасында жаңадан бастағандар арасында қалалық турнир өткізді.

Абай шығармаларын қазақ және қытай тілдерінде оқу

5 қараша күні Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-дің Шығыстану факультеті, шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Конфуций институтынының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздік мерейтойы мен университетіміздің 80 жылдығына орай және қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының шығармаларына арналған Алматы қаласындағы ЖОО-да қытай тілі бөлімінде оқитын студенттер арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауының шешуші кезеңі өтті.

«Туркология» халықаралық симпозиум

2021 жылдың 14-16 қазанында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Қазіргі Қазақстан тарихы және әлемтанулық пәндер кафедрасының оқытушылары: филос.ғ.к., доцент Джекебаева Мақпал Абиловна, ә.ғ.к., Әли Ботагөз Калиярқызы, магистр Досжанова Ақмарал Иванқызы, магистр Ғалым Мәлік Туркия Республикасының, Стамбул, Ван  университетінде өткен «Туркология» халықаралық симпозиумына оффлайн және онлайн қатысып, баяндамалар жасады.  

ДАЛАНЫҢ ДАРХАН ДАНАСЫ – ЖАМБЫЛ БАБАМ

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы мен Рухани жаңғыру қоғамдық даму орталығы бірлесіп 22 қазанда Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Даланың дархан данасы – Жамбыл  бабам» атты онлайн олимпиада  болып өтті.

Олимпиадаға университетіміздің барлық факультетінің орыс тобынан студенттер қатысты.Олимпиада онлайн форматта, ZOOM платформасында өтті.

Шығыстану факультетінің студенттері үшін кезекті кездесуі өтті

12 қазан күні Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Шығыстану факультетінің студенттері үшін кезекті кездесуі өтті. Қонағымыз университеттің түлегі жане қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы Ибраев Дәулет Айтмухамедович. 

Онлайн дөңгелек үстел «А.Байтұрсынұлы және тіл тағлымы»

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де 8 қазан 2021 жылы, сағат 10.00-де Қазақ филологиясы кафедрасы мен Мемлекеттік тілді дамыту орталығының ұйымдастыруымен белгілі тілтанушы ғалым, ағартушы, Алаш қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай және ҚР Тілдері мерекесіне арналған «А.Байтұрсынұлы және тіл тағлымы» атты онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. А.Байтұрсынұлына арналған дөңгелек үстелдің студентерге және тыңдарман қауымға беретін танымдық, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Ұлт көсемі А. Байтұрсынұлының қазақ халқының руханияты үшін жасаған орасан зор еңбегі студенттерге кеңінен насихатталды.

“Nihongo Challenge 2021" атты жапон тіліндегі қойылымдар

ҚазХҚжәнеӘТУ,Шығыстану факультеті, Шетел филологиясы (жапон тілі) мамандығының 2 курс студенті Мусаева Ясмина студенттер арасында  “Nihongo Challenge 2021 「日本語 チ ャ レ ン ジ 2021”  атты жапон тіліндегі қойылымдар байқауында 3 орынға ие болды. Онлайн-іс-шара Ресейдің және ТМД-дағы Жапон тілі мұғалімдері қауымдастығының, сондай-ақ Жапонияның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен Мәскеудегі Жапон қорының жапон мәдениеті бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәстүрлерді мұра ететін іс-шара.

20-шы Дүниежүзілік студенттік "қытай тілінің көпірі" байқауының кезекті іріктеу кезеңі өтті

2020 жылдың 26 сәуерде Алматыда 20-шы Дүниежүзілік студенттік "қытай тілінің көпірі" байқауының кезекті іріктеу кезеңі өтті. Шараны онлайн-форматта Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ мен Конфуций институты ұйымдастырды. Алматы қаласының түрлі оқу орындарынан 8 қатысушы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: қытай тілінде шағын сөз сөйлеу, қытай тілі, тарихы мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауаптар және қойылым. Байқау қорытындысы бойынша Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Шығыстану факультетінің студенттері жүлделі орындарға ие болды. Студенттер арасында 1-орынды Лень Кирилл, 2-орынды Мұратова Айдана , ал Оңдасынова Меруерт жүлдегерлердің үштігін жапты.

«Тәуелсіздік және Абылай ханның тарихи тұлғасы» тақырыбындағы онлайн байқау

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, қазіргі заманғы Қазақстан тарихы кафедрасы 20-21 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ 80 жылдығына орай  «Тәуелсіздік және Абылай ханның тарихи тұлғасы» атты студенттер арасында көркемсөз оқу онлайн байқау ұйымдастырды.

«Фараби әлемі»

2021 жылдың 6-8 сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де онлайн форматы бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану» мамандығынан 2-4 курс студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы»

30.03.2021 жылы Шығыстану факультеті Шығыс филология кафедрасының араб тілі бөлімінің  ұйымдастыруымен  «Бәсекеге қабілетті маман болу – заман талабы»тақырыбы аясында араб тілі бөлімінің түлектерімен және университет студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел: «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту»

2021 жылдың 19 наурызында «Студенттерді университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесіне тарту» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ҚР Білім және ғылым министрлігі, аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR), Қазақ қаржы экономикасы және халықаралық сауда университеті, студенттік ұйымдардың өкілдері, ҚР ЖОО студенттері қатысты.

«Біздің айналамыздағы әлем: адам-қоғам-табиғат»

Мәскеу гуманитарлық университетінде  22-26 наурыз аралығында «Біздің айналамыздағы әлем: адам-қоғам-табиғат» тақырыбында Халықаралық ғылыми студенттік конференция өтуде. Конференцияға Мәскеу гуманитарлық университетінің серіктес жоғары оқу орындары қатысты. Атап айтқанда:

  1. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Қазақстан Республикасы);
  2. Пекин Біріккен университеті (ҚХР);
  3. Шеффилд Халлам Университеті (Ұлыбритания);
  4. Англия Рускин Университеті (Ұлыбритания);
  5. Қауіпсіздік және экономика Жоғары мектебі (Болгария Республикасы);
  6. Полоцк мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы);
  7. Балтық Халықаралық Академиясы (Латвия);

Орыс тілі мен мәдениеті: шекараны өшіру

Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде біздің серіктес-университетіміз болып табылады. Қабылданған міндеттемелерді орындау үшін теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ресей Федерациясының Білім Министрлігінің қолдауымен "Орыс тілі және мәдениеті: шекараны өшіру" халықаралық жобасының бағдарламасына сәйкес іс-шараларға белсенді қатысты.

«TAG DER LEHRE»

4 қарашада КазУМО студенттері мен магистранттары Абылай хан университеті Цюрих университетімен бірлесіп және де оқытушылары мен студенттерімен бірге «TAG DER LEERE» («Білім күні») жұмысына қатысты. Вебинар форматында тілдерді және гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері ұсынылып, талқыланды. Талқылау барысында қашықтықтан білім беруді шешудің жаңа жолдары, соның ішінде бірлескен онлайн курстар құру арқылы анық

«ONLINE SOHBET» жобасы аясындағы онлайн-сұхбат

14 қазан күні Шығыстану факультетінің «Dilmar» үйірмесінің студенттерге арналған «ONLINE SOHBET» жобамыздың алғашқы қонағы - Шығыстану факультетінің түлегі, Ыстамбул университеті, түрік халық әдебиеті магистрі, Анкара Хаджы Байрам университетінің докторанты, ҚР Анкарадағы елшілігінде аудармашы Лаура Болатова. Айта кетсек Лаура Болатова Қазақстандағы да ірі жобаларда, іс шараларда да синхронды аудармаларға қатысқан.

«Speaking week»

2020 жылдың 5 қазаны мен 12 қазаны аралығында ҚазХҚжӘТУ университетінің шығыстану факультетінің студенттері мен студенттер кеңесінің белсенділгімен ұйымдастырылған онлайн форматта "Speaking week" өткізілді. Аптаның тақырыбы "Қазіргі әлемдегі Шығыс тілдері" болды. Аталған іс-шараның мақсаты жоғарғы және бірінші курс студенттері мен оқытушылар арасында тілдік және өзінің ойын жеткізе алу дағдыларын жетілдіру болды, сондай-ақ шетелдік оқу орындарынан арнайы қонақтар шақырылды.