Орыс тілі мен мәдениеті: шекараны өшіру

Г.Р. Державин атындағы Тамбов мемлекеттік университеті ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде біздің серіктес-университетіміз болып табылады. Қабылданған міндеттемелерді орындау үшін теориялық және қолданбалы тіл білімі кафедрасы 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ресей Федерациясының Білім Министрлігінің қолдауымен "Орыс тілі және мәдениеті: шекараны өшіру" халықаралық жобасының бағдарламасына сәйкес іс-шараларға белсенді қатысты.

«TAG DER LEHRE»

4 қарашада КазУМО студенттері мен магистранттары Абылай хан университеті Цюрих университетімен бірлесіп және де оқытушылары мен студенттерімен бірге «TAG DER LEERE» («Білім күні») жұмысына қатысты. Вебинар форматында тілдерді және гуманитарлық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері ұсынылып, талқыланды. Талқылау барысында қашықтықтан білім беруді шешудің жаңа жолдары, соның ішінде бірлескен онлайн курстар құру арқылы анық

«ONLINE SOHBET» жобасы аясындағы онлайн-сұхбат

14 қазан күні Шығыстану факультетінің «Dilmar» үйірмесінің студенттерге арналған «ONLINE SOHBET» жобамыздың алғашқы қонағы - Шығыстану факультетінің түлегі, Ыстамбул университеті, түрік халық әдебиеті магистрі, Анкара Хаджы Байрам университетінің докторанты, ҚР Анкарадағы елшілігінде аудармашы Лаура Болатова. Айта кетсек Лаура Болатова Қазақстандағы да ірі жобаларда, іс шараларда да синхронды аудармаларға қатысқан.

«Speaking week»

2020 жылдың 5 қазаны мен 12 қазаны аралығында ҚазХҚжӘТУ университетінің шығыстану факультетінің студенттері мен студенттер кеңесінің белсенділгімен ұйымдастырылған онлайн форматта "Speaking week" өткізілді. Аптаның тақырыбы "Қазіргі әлемдегі Шығыс тілдері" болды. Аталған іс-шараның мақсаты жоғарғы және бірінші курс студенттері мен оқытушылар арасында тілдік және өзінің ойын жеткізе алу дағдыларын жетілдіру болды, сондай-ақ шетелдік оқу орындарынан арнайы қонақтар шақырылды.