2024 жылдың 11 наурызында шетел тілдері педагогикалық факультетінде «Мұғалім: армандаған мамандық немесе өмірге бейімділік» атты дөңгелек үстел өтті, оған «Екі шетел тілдерінің мұғалімі» мамандығының 4 курс студенттері қатысты. Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасының оқытушысы, Педагогика ғылымдарының магистрі Алмашова Камила Асқарқызының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада студенттер дипломалды- педагогикалық тәжірибеде алған тәжірибелерімен алмасты және мектептегі педагогикалық іс-әрекеттерді бейнелейтін видео-презентация дайындай отырып, болашақ ұстаз ретінде кәсіби шыңдалуында педагогикалық тәжірибенің маңызды рөліне тоқталды.