ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРУ

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР

Ақылы бөлімде оқып жүргенде грантқа ауысуға бола ма?
arrow

Ия, егер сіз оқып жатқан мамандық бойынша грант босатылса, немесе ҚР БҒМ аталған мамандыққа қосымша грант бөлген жағдайда. Тапсырылған сессия нәтижесі бойынша.

Грантта бір мамандық бойынша оқимын, грантты сақтай отырып, басқа мамандыққа ауыса аламын ба?
arrow

Егер сіздің грантыңыз бір білім беру бағдарламасының ішінде болса -ИӘ. Егер әртүрлі білім беру топтарынан болса - ЖОҚ

Мен бір мамандыққа түсемін, содан кейін басқасына ауыса аламын ба?
arrow

Бірінші семестрден кейін немесе 1 курс аяқталғаннан кейін мүмкін

Шығармашылық мамандыққа түсіп, содан кейін басқа мамандыққа ауысуға бола ма?
arrow

Иә болады, бірақ қаңтар немесе тамыз айларында ҰБТ-ны 2 бейінді пән бойынша ауысатын мамандығыңызға байланысты тапсырасыз.

Сізде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бар ма?
arrow

Иә бар. Сіз ақпаратты университет сайтынан қарай аласыз немесе ол порталда жарияланады. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына 2-ші курстан кейін қатыса аласыз. Іріктеу сессия нәтижелері бойынша өткізіледі.

Сізде ішкі гранттар бар ма?
arrow

Жоқ

Жатақхана
arrow

Басқа қаладан келген студенттерге жатақхана бар. Жатақхананың жылдық ақысы көтеріледі деп жоспарлануда. Нақты ақпарат жақын арада жарияланатын болады. Жатақханада бөлмеде 4 адамнан тұрады. Жатақханадан орын алу үшін қажетті құжаттарды сайттан қарауға болады www.ablaikhan.kz. Жатақхана сұрақтары бойынша факультеттің деканатына жүгіну қажет.

Әскери кафедрасы
arrow

Бар. Бюджеттік орындарға студенттер 1-ші курстан кейін барлық студенттер түсе алады. Әскери кафедра өкілдері 1-ші курс студенттерімен кездесіп факультеттерде жиналыс өткізеді, онда құжаттарды тапсырудың барлық ережелері мен мерзімдері түсіндіріледі.

Іріктеу критерийлері:

  • құжаттарды белгіленген уақытқа дейін жинап, тапсыру
  • жоғары GPA
  • денсаулығы барлық нормативтерге сай болу керек (медициналық сараптамадын өтеді)
  • қажетті дене шынықтыру нормативтерін тапсыру

Әскери кафедрада оқу 2 жыл (2-3 курс). Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін әскери кафедраға дипломның көшірмесін тапсырасыз және әскери билет аласыз.

Конкурстық іріктеуге қатысқандарға және өтпегендерге ақылы бөлімге жылына 178 900 теңге ұсынамыз.

Колледжден кейін ұқсас мамандық бойынша оқу жалғастырып бір семертден кейін басқа мамандыққа ауысуға бола ма?
arrow

Жоқ. Қырқартылған оқу тек ұқсас мамандықты жалғастыруға ғана болады.