Халықаралық студенттік олимпиада

2023 жылдың 10 наурызында Халықаралық құқық кафедрасы «6В04201-Құқықтану» және «6В04202-Халықаралық құқық» ББ бойынша халықаралық олимпиада өткізеді. Осыған орай, осы іс-шараға қатысу үшін Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің университеттерінен осы білім беру бағдарламалары бойынша студенттер командасын шақырамыз.

Олимпиаданың қазылар алқасының құрамына ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары және практикалық қызметкерлер кіреді.

Мекенжай: Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 200, 403 ауд.

Ақпараттық хат

Печать