Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында 2023, 2024 және 2025 жылдары жоғары оқу орындары мен колледждерді аяқтаған, қазіргі уақытта жұмыссыз жүрген түлектер үшін "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына қатысу мүмкіндігі ұсынылады.

Өткізу күні мен уақыты: 2025 жылғы 19 тамыз, сағат 14:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 577
Жәрмеңке түлектерге жұмыс берушілермен тікелей кездесуге, қолжетімді бос жұмыс орындары туралы білуге, сондай-ақ сол жерде сұхбаттасудан өтуге мүмкіндік береді.
.png)






















