2025 жылғы 29 тамызда сағат 11:00-де Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де (Алмалы ауданы, Мұратбаев көшесі, 200, Құрманғазы к-сінің қиылысы, 2 қабат, 208 кабинет) Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанның конституциялық құрылымының соңғы отыз жылдағы дамуына терең құқықтық және ғылыми талдау жүргізу, қол жеткізілген нәтижелерге баға беру және болашаққа арналған өзекті міндеттерді айқындау.
Конференцияның міндеттері:
- Құқықтық мемлекетті нығайтудағы Конституцияның рөлін талқылау;
- Конституциялық заңнамадағы негізгі реформалар мен өзгерістерді сараптау;
- Шетелдік құқықтанушылар мен сарапшылармен тәжірибе алмасу;
- Конституциялық құқықтық тәртіпті жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- Халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту.
Қатысушылар қатарына шақырылады:
- Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктері мен құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері;
- Заңгерлер, құқықтанушылар, ғылыми қызметкерлер;
- Академиялық институттар мен зерттеу орталықтарының өкілдері; Конституциялық және халықаралық құқық саласындағы сарапшылар.
Конференцияға халықаралық ұйымдар мен шетелдік құқықтанушылардың(АҚШ, Италия, Грекия, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Ресей, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және басқа да елдерден) онлайн қатысуы күтілуде.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті,
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ.
Байланыс:
+7 702 100 1339
Ильясова Зарина Сайфуллаевна This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
.png)






















