Конкурсқа келесі студенттер қатыса алады:
- серіктес университеттің талаптарына сәйкес шетел тілін меңгеру деңгейіне ие;
- GPA көрсеткіші 3.0-ден төмен емес;
- қаржылық және академиялық қарызы жоқ.
Халықаралық академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
- Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректорының атына жазылған өтініш;
- Өтініш берушінің сауалнамасы;
- GPA көрсетілген ағылшын тіліндегі транскрипт (кемінде 3.0) (Hero жүйесінен өздігінен жүктеу);
- Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
- Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (болмаған жағдайда, қажетті тілдік дағдылардың бар екенін растайтын оқытушының мөрі мен қолы қойылған хат);
- Университетте оқу барысында алынған грамоталар, дипломдар мен сертификаттардың көшірмелері;
- Паспорт көшірмесі (болған жағдайда);
- Жеке куәлік көшірмесі.
***Студент өзімен бірге бір кұжат тігілетін мұқаба және әр құжатқа жеке файл әкелуі қажет***
.png)






















