Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институты мен Шығыстану факультеті Шығыс тілдер аударма кафедрасы бірлесіп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында қытай тілі оқу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан, сондай-ақ алмасу бағдарламасы аясында қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жүрген қытай студенттері арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, орыс және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» атты байқау өткізеді.
Байқаудың мақсаты – ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының бай шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың бойында ұлттық рухты, мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру,ана тіліне құрмет пен көркем сөз өнеріне сүйіспеншілік сезімін ояту. Сонымен қатар, байқау Абайдың терең мағыналы қара сөздері мен поэзиясын шетелдік студенттер арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
- І кезең – қатысушылар Абайдың білім мен ғылым тақырыбындағы кез келген қара сөзін қазақ, орыс және қытай тілдерінде жатқа, мәнерлеп оқиды. (Ұзақтығы – 3 минуттан аспайды).
- ІІ кезең – қатысушылар Абайдың кез келген өлеңін қазақ, орыс және қытай тілдерінде көркем шеберлікпен жатқаорындайды (Ұзақтығы – 3 минутқа дейін).
Байқау өтетін уақыты: 2025 жылғы 27 қараша, сағат14:00.
Өтетін орны: Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ Бас ғимараты, Қызыл зал.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 20 қарашаға дейін.
Байланыс ақпараты:
📞 +7 702 967 72 17 – Хуңшан Айжан
✉️ Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
.png)






















